AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Елімізде дәрігердің кәсіптік жауапкершілігіне қаты...

Елімізде дәрігердің кәсіптік жауапкершілігіне қатысты міндетті сақтандыру жүйесі енгізілмек

Медицина 07.04.2023, 16:34 1,726 Almaty-akshamy.kz. 
Елімізде дәрігердің кәсіптік жауапкершілігіне қатысты міндетті сақтандыру жүйесі енгізілмек
Сурет: ашық дереккөз

Елімізде дәрігерлердің кәсіптік жауапкершілігіне қатысты міндетті сақтандыру жүйесі енгізіледі. Бұл туралы Мәжілісте кейбір заңнамалық актілерге денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы заң жобасын таныстыру кезінде Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.



«Медицина қызметкерлерінің практикалық қызметі қоғамның игілігі үшін үнемі қауіпке ұшырайтын мамандықтарға жатады, яғни күрделі әрі жауапты мамандық. Әлемдегі озық тәжірибені қарай отырып, медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігі бойынша міндетті сақтандыру жүйесін кезең-кезеңмен енгізу жоспарланып отыр. Мұндай тәсіл медициналық көмектің сапасын арттыруға мүмкіндік береді және халықаралық аренада Қазақстанның денсаулық сақтау саласы рейтингісіне де әсер етеді», - деді А. Ғиният.



Оның айтуынша, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексінің 270-бабында медициналық көмек көрсету кезінде пациенттің өміріне немесе денсаулығына зиян келтірілген жағдайда медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін сақтандыру құқығы заңнамалық түрде бекітілген.



«Ондай норма бар, ал заң жобасы осы баптың іске асыру жолдарын бекітеді», - деді министр.



Осы орайда ведомство басшысы заң жобасы медицина қызметкерлерінің мәртебесін арттыруға, науқастардың құқықтарын қорғауға және медициналық көмектің сапасын арттыруға бағытталып отырғанын айтты.



«Заң жобасын әзірлеу кезінде халықаралық тәжірибелер зерттелді. Мәселен, Англияда медициналық мекеменің әкімшілігі медициналық қателік жіберген медицина қызметкерінің тиісті жұмысын қамтамасыз етпегені үшін азаматтық жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Израильде медицина қызметкері қызметін жүзеге асырған мекеме немесе ұйым тек азаматтық-құқықтық жауапқа тартылады, оларда қылмыстық іс ескерілмеген. Ал АҚШ-та медициналық мекемемен бірге сақтандыру компаниялары да жауапты болады. Канадалық жүйеде қызметін теріс пайдаланған дәрігерлерді провинциялық лицензиялау органы жазалайды. Финляндияда медициналық көмек көрсетумен айналысатын барлық ауруханалар мен компаниялар сақтандырылуы тиіс. Медицина саласының қызметкерлеріне жеке сақтандыру шарттарын бекітудің және компанияларға сақтандыру жарналарын төлеудің қажеті жоқ. Бұл саладағы оқиғаларды пациенттерді сақтандыру орталығы қарастырады, медициналық персонал онымен айналыспайды», - деді А. Ғиният.



Оның сөзіне қарағанда, Ресейде қылмыстық заңда аталған қылмыстар және жалпы медициналық қылмыстар үшін арнайы норма жоқ. Адамға қарсы қылмыстар туралы тарауда маманның өзінің кәсіптік міндеттерін тиісінше орындамауы салдарынан жасалған іс-әрекет үшін жауапкершілік көзделген.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Міндетті сақтандыру #дәрігерлер #кәсіптік жауапкершілік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қоғамның тұрақты дамуы отбасының беріктігіне байланысты

Бүгін 17:34

Алматыда ауа сапасын бақылау жүйесі кеңейтіледі

Бүгін 17:27

Алматыда қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару тарифі өзгертіліп, әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға жеңілдіктер енгізіледі

Бүгін 17:25

Қазақстандық оқушылар Ташкенттегі олимпиадада үздік атанды

Бүгін 17:16

Пара үстел теннисінен ел чемпионатында ШҚО спортшылары 19 медаль жеңіп алды

Бүгін 16:48
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);