AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Елімізде дақылдар алқабы азайды

Елімізде дақылдар алқабы азайды

Әлеумет 24.07.2024, 08:52 936 yakiya
Елімізде дақылдар алқабы азайды
Сурет: интернеттен

Жыл басынан бері ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 3,4% - ға көбейген.

Қазақстан күріш, бидай және мақта дақылдар алқабын қысқартты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров 2024 жылғы 23 шілдеде өткен Үкімет отырысында егіс алқаптарын әртараптандыру жұмыстарының нәтижелерін мәлімдеді.

Оның айтуынша, жыл басынан бері ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 3,4% - ға артып, 1,6 трлн теңгеге жетті.

"Биылғы жылы жалпы егіс алқабы 23,8 млн га құрады, мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес республика бойынша ағымдағы жылға арналған егіс алқаптарын әртараптандыру жоспарларына қол жеткізілді. Бидай алқабы 450,3 мың гектарға қысқарды, сонымен бірге майлы дақылдар алқабы 608 мың гектарға, қант қызылшасы – 9,4 мың гектарға ұлғайтылды. Суды көп қажет ететін дақылдар: күріш – 6,9 мың гектарға, мақта – 16 мың гектарға дейін азайды", -деді Айдарбек Сапаров.

Ол монокультура – бидай алқаптарын қысқарту бойынша республикалық көрсеткіш 4,7% - ға асыра орындалғанын атап өтті: 430 мың гектардың орнына 450,3 мың гектарға қысқартылды.

"Суды көп қажет ететін дақылдар алаңын азайту бойынша жүргізілген жұмыстың қорытындысы бойынша Алматы және Жетісу облыстарында күріш бойынша индикаторларға қол жеткізілген жоқ. Мақта бойынша жоспар толығымен орындалды, 16 мың га қысқартылды. Ал қант қызылшасы бойынша республикалық жоспар 10,4% орындалмады. Атап айтқанда, Алматы облысында жоспар тек 50% – ға, Жамбыл облысында 74% – ға орындалды", - деді Айдарбек Сапаров.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#дақыл #алқап #бидай
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Пара үстел теннисінен ел чемпионатында ШҚО спортшылары 19 медаль жеңіп алды

Бүгін 16:48

Алматыда «Қазақстанның үздік тауары» таңдалады

Бүгін 16:23

Асанәлі Әшімов театрында «Мұғалім» драмасының премьерасы өтеді

Бүгін 15:55

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);