Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Елімізде бос орындар саны 22,3 мыңға азайды

Елімізде бос орындар саны 22,3 мыңға азайды

Әлеумет 12.02.2024, 06:28 1,017
Елімізде бос орындар саны 22,3 мыңға азайды
gov.kz

Қаңтар айында Электрондық еңбек биржасында жұмыс берушілер 97,3 мың бос жұмыс орнын, ал жұмыс іздеушілер 191,1 мың түйіндеме орналастырды. Өткен жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда бос орындар саны 22,3 мыңға (-19%) азайды, ал түйіндеме саны 132 мың бірлікке (+223%) өсті.


Осылайша, қаңтар айында жұмыс берушілердің сұранысы жұмыс іздеушілердің еңбек биржасындағы ұсыныстарының жартысына тең болды, бұл жыл басындағы рекрутингтік процестердің төмендеуімен түсіндіріледі.


Өңірлер бөлінісінде қаңтар айында түйіндемелер санының өсуі барлық өңірлерде байқалды, ең аз өсім Астана қаласында тіркелді (+3,2 мың түйіндеме). Еңбек нарығындағы ұсыныстың өсуінің ең жоғары көрсеткіштерін оңтүстік өңірлер: Қызылорда облысы (+17,2 мың түйіндеме), Шымкент қаласы (+9,7 мың) және Түркістан облысы (+27 мың) көрсетті.



«Өз кезегінде қаңтар айында орналастырылған бос орындар саны алдыңғы аймен салыстырғанда едәуір төмендегені оңтүстік өңірлерде де байқалады: Қызылорда (-4,5 мың немесе -61%) және Түркістан (-7,4 мың бос орын немесе - 48%) облыстарында және Алматы қаласында (-8 мың немесе -47 %)», – деп хабарлады «ЕРДО» АҚ Стратегия және үлкен деректерді талдау департаментінің басқарма басшысы Камилла Манакова.



Қаңтар айында жоғары білікті мамандарға сұраныстың ең жоғары өсуі (45 %-ға немесе 9,9 мың бос орынға) байқалды. Жұмыс берушілер тарапынан орташа білікті мамандарға деген сұраныс өткен жылдың желтоқсан айындағы деңгейден 4 %-ға (2 мың бос орын) төмендеді. Бір мезгілде қаңтар айында біліктілігі жоқ персоналға сұраныстың айтарлықтай төмендеуі байқалады – 58% - ға (30,2 мың бос жұмыс орны).


Қаңтар айында орналастырылған түйіндемелерге келетін болсақ, олардың санының айтарлықтай өсуі біліктілігі жоқ  жұмыс іздеушілер тарапынан  болған белсенділіктің нәтижесінде болды, олардың саны өткен аймен салыстырғанда 549% - ға (немесе 71,8 мың түйіндеме) өсті. Бұл ретте белсенділік жоғары (түйіндеме санының 109 %-ға немесе 22,1 мың түйіндемеге өсуі) және орташа біліктілігі (+147% немесе 38,1 мың) жұмыс іздеушілер тарапынан да байқалды.



«Қаңтар айында ең көп бос жұмыс орындары «білім және тәрбие» (17,5 мың бос жұмыс орны) және «медицина және фармацевтика» (8,5 мың) кәсіптік салаларында орналастырылды. Өз кезегінде ЭЕБ-да жұмыс ізеушілер арасында «білім және тәрбие» (17,3 мың түйіндеме) және «ТКШ және абаттандыру» (8,2 мың түйіндеме) кәсіптік салаларының қызметкерлері тарапынан белсенділік байқалды», – деп бөлісті Камилла Манакова.



Жалақының ең жоғары мөлшерін көбіне өз түйіндемелерінде «үлкен деректермен жұмыс жөніндегі маман» (орта есеппен 1,3 млн теңгеден бастап), «бизнес-процестерді оңтайландыру жөніндегі басшы» (1,2 млн теңгеден бастап), сондай-ақ «өндірістік операциялар жөніндегі инженер» (1,2 млн теңгеден бастап) мамандықтары бойынша жұмыс іздеушілер сұраған.


Ең көп жалақыны жұмыс берушілер өндірістегі база бастықтарына (900 мың теңгеден бастап), жобалаушы инженерлерге (800 мың теңгеден бастап) және бас құрылысшыларға (790 мың теңгеден бастап) ұсынды.


Жалпы, қаңтар айында ЭЕБ-да біліктілігі жоқ жұмыс күшіне сұраныстың төмендеуі және «білім және тәрбие» және «медицина және фармацевтика» кәсіптік салаларындағы мамандарға жоғары сұраныс байқалды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#қаңтар #еңбек #биржа
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Досынан 1500 теңге қарызын сұраған қазақстандық істі болды

Бүгін 10:41

Бурабайда квадроцикл апатынан 24 жастағы қыз ауыр халде жатыр

Бүгін 10:23

Қысқы Олимпиада: бүгін жарыс жолында ел намысын кімдер қорғайды?

Бүгін 10:07

Жарты ғасырдан кейінгі жүздесу: Оралда ағайындылар 54 жылдан соң қауышты

Бүгін 09:42

Қазақстандағы орташа зейнетақының жаңа мөлшері белгілі болды

Бүгін 09:33
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.