AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Елімізде бизнеске қойылған орынсыз талаптар алып т...

Елімізде бизнеске қойылған орынсыз талаптар алып тасталады

Әлеумет 08.07.2022, 05:23 1,214
Елімізде бизнеске қойылған орынсыз талаптар алып тасталады
Сурет: Kyzylorda-news.kz

Премьер-Министр қазіргі уақытта бизнеске көптеген формальды талаптар қойылғанын атап өтті.


Әлихан Смайылов кәсіпкерлік қызметте «таза парақтан бастап» реттеуді енгізу және мемлекеттік бақылау мен қадағалауды автоматтандыру мәселелері жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.


Кеңес барысында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров қоғамдық тамақтану, сауда, қонақүй қызметтері, көлік және ауыл шаруашылығы салаларындағы реттеуші актілерге жүргізілген талдаудың базалық шарттарға сәйкес келмейтін басы артық және бірін-бірі қайталайтын бірқатар талаптарды анықтағанын мәлімдеді.


Алдағы айларда тағы алты бағыт бойынша, ақпарат және байланыс, компьютерлік бағдарламалау саласы, жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар, жинақтау, тау-кен өнеркәсібі және құбыр көлігінің қызметіне талдау жүргізу жоспарланған.


Премьер-Министр қазіргі уақытта бизнеске көптеген формальды талаптар қойылғанын атап өтті. Оларды тиісті бақылауды қамтамасыз етуге зиян келтірмейтіндей етіп алып тастауға болады.


Әлихан Смайылов мұндай талаптардың болуы елдегі іскерлік ахуалға кері әсерін тигізетінін, сондықтан орталық мемлекеттік органдардың «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп, реттеуші актілері қысқарту бойынша жұмыс жүргізуі тиіс екенін атап өтті.



«Мемлекет басшысы біздің алдымызға бизнеске көбірек еркіндік беру міндетін қойды. Бұл – жаңа экономикалық саясатты қалыптастыру аясындағы Үкімет жұмысының басты бағыттарының бірі. Тексеруші органдардың формальды белгілеріне қарап бизнесті жауапкершілікке тартуға мүмкіндігі болмауы тиіс», - деді Әлихан Смайылов.



Осыған байланысты Премьер-Министр тиісті органдарға қайта қарау және қысқарту арқылы қазақстандық нормативтік-құқықтық базаны басы артық талаптардан тазарту жөніндегі жұмысты жандандыруды тапсырды.


Сондай-ақ, Әлихан Смайылов Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің мемлекеттік бақылау мен қадағалауды қамтамасыз ету кезінде тәуекелдерді басқарудың автоматтандырылған жүйесін құру бойынша тәсілдерін мақұлдады.



«Тексеруші ведомстволар бұзушылықтардың қаупі жоғары болған кезде әрекет етуі тиіс. Бизнеске әкімшілік жүктемені азайту және тәуекелдерді басқару жүйесін іске қосу – жүргізіліп жатқан реформадағы негізгі қадамдар. Орталық мемлекеттік органдардың басшыларына осы жұмыстың нәтижелері үшін жеке жауапкершілік туралы тағы да ескертемін», - деп түйіндеді Премьер-Министр.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#смайылов #бизнес #Талап
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «Қазақстанның үздік тауары» таңдалады

Бүгін 16:23

Асанәлі Әшімов театрында «Мұғалім» драмасының премьерасы өтеді

Бүгін 15:55

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);