AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Елімізде биыл бала туу көрсеткіші бойынша тағы да...

Елімізде биыл бала туу көрсеткіші бойынша тағы да рекорд тіркелуі мүмкін

Әлеумет 17.11.2022, 11:12 1,088
Елімізде биыл  бала туу көрсеткіші бойынша тағы да рекорд тіркелуі мүмкін
Сурет: Newsroom.kz

Қазақстанда соңғы үш жылда 1,5 миллионға жуық сәби дүниеге келді.


Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек айтты, деп хабалайды Almaty-akshamy.kz   Elorda.info. сайтына сілтеме жасап.



«Қазіргі таңда Қазақстан, жалпы Орталық Азия елдері үлкен демографиялық өзгерістердің алдында тұр. Ол демографиялық өзгерістерді жарылыс деп те айтуға болады. Толқын басталып кетті. Оның үстіне екінші толқын қосылып жатыр. Ол – миграция толқыны. Екі күн бұрын БҰҰ дүниежүзіндегі 8 миллиардыншы тұрғын дүниеге келгенін жария етті. 7 миллиардтан 8 миллиардқа соңғы 12 жылда жетіп отырмыз. Яғни, дүниежүзінде халық саны күрт артуда», - деді ол Отбасы, демография және гендерлік саясат мәселелері жөніндегі халықаралық ғылыми конференция барысында.



Оның атап өтуінше, бұл тенденция елімізге де, аймаққа да қатты әсер етеді.



«Соңғы үш жылда Қазақстанда 1,5 миллионға жуық бала дүниеге келді. Қуантатын жайт, шүкір етуіміз керек. Осы жылдың қорытындысында 500 мың бала дүниеге келеді деген болжам бар. Былтыр 456 мың бала, алдыңғы жылы 426 мың бала дүниеге келді. Бұл 3 жыл қатарынан демографиялық рекорд саналады. Соңғы рет мұндай рекорд 1987 жылы тіркеліп, 417 мың сәби дүние есігін ашқан еді», - деді Саясат Нұрбек.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#көрсеткіш #демография #Рекорд
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Асанәлі Әшімов театрында «Мұғалім» драмасының премьерасы өтеді

Бүгін 15:55

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);