AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Елімізде биыл 23 балаларды сауықтыру орталығы салы...

Елімізде биыл 23 балаларды сауықтыру орталығы салынады

Әлеумет 14.01.2025, 11:22 755 dulatbekova
Елімізде биыл 23 балаларды сауықтыру орталығы салынады
Сурет: Gov.kz
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2027 жылға дейін балалардың шығармашылық және зияткерлік әлеуетін дамыту мақсатында балаларды сауықтыруға арналған 50 орталық және одан бөлек 100 қосымша білім беру нысаны салынады, деп хабарлайды aqshamnews.kz.
 
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, биыл өңірлерде 23 балаларды сауықтыру орталығын ашу және қосымша білім беру үшін 22 заманауи нысан салу жоспарлануда.
 
Қазіргі таңда қосымша білім берумен 3,3 миллион бала қамтылған. Осы бағытта ғылыми-техникалық, музыкалық, көркемдік-эстетикалық, экологиялық-биологиялық, туристік-өлкетану, әскери-патриоттық, әлеуметтік-педагогикалық бағыттар бойынша мектептен тыс 1 713 ұйым және 380 үйірме жұмыс істейді. Елімізде барлығы 202-ден астам балаларды сауықтыру орталығы бар, оның 17-сі жыл бойы, 185-і маусымдық негізде жұмыс істейді.
 
Өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларға ерекше назар аударылып келеді. Алғаш рет девиантты мінез-құлқы бар 10 мың балаға үйірмелер мен секцияларға проактивті форматта бірінші кезектілік басымдығымен тіркелу мүмкіндігі берілді.
 
Айта кетейік, жаңа нысандардың құрылысы өнер және шығармашылық саласында білім берудің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға баса назар аудара отырып, кезең-кезеңімен жүргізіледі. Бұл бастамалар оқушылар мен жас таланттардың тұлғалық дамуына жағдай жасайды.
Телеграм арнаға жазылыңыз
#балалар #сауықтыру орталықтары #ашу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы түркі әлемін біріктіреді: Түркияның жастар делегациясы оңтүстік астанаға келді

Бүгін 18:34

Алматы мәслихатының депутаттары 2025 жылғы бюджеттің атқарылуын қарап, 2026–2028 жылдарға арналған бюджетті нақтылауды қолдады

Бүгін 18:30

Алматыда ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді

Бүгін 17:57

Қазақстандық ғалым әлемдік стоматологияға жаңа көзқарас ұсынуда

Бүгін 17:51

Қоғамның тұрақты дамуы отбасының беріктігіне байланысты

Бүгін 17:34
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);