конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Елімізде «Бірінші отбасылық автомобиль» бағдарлама...

Елімізде «Бірінші отбасылық автомобиль» бағдарламасы әзірленіп жатыр

Әлеумет 29.01.2022, 07:43 1,493
Елімізде «Бірінші отбасылық автомобиль» бағдарламасы әзірленіп жатыр
Cурет: Avto.ru

Жеңілдікпен несие беру бағдарламасына бюджеттен қосымша қаражат бөлу мәселесін пысықтауда


ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасын қайта іске қосудың бірнеше нұсқасын қарастырып жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



«Отандық автомобильдерді халыққа қолжетімді ету үшін министрлік жеңілдікпен несие беру бағдарламасына бюджеттен қосымша қаражат бөлу мәселесін пысықтауда. Бұдан басқа, Президенттің тапсырмасы бойынша халыққа жеңілдікпен автонесие берудің жаңа бағдарламасы әзірленеді. Қазіргі уақытта бағдарламаны қайта іске қосудың бірнеше нұсқасы қарастырылып жатыр», - делінген аталған министрліктің ақпаратында.



Ведомство мәліметінше, оның бірінде көпбалалы отбасыларды, күш құрылымдары қызметкерлерін, дәрігерлер мен мұғалімдерді қолдау жөнінде кіші бағдарлама қосу ұсынылады. Сондай-ақ «Бірінші отбасылық автомобиль» кіші бағдарламасын қосу мүмкіндігі қарастырылған.


Бұған дейін ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Марат Қарабаев бастапқы жарнасыз, үстемесі жылдық 4 пайыздан аспайтын, автокөлік сатып алу мүмкіндігі қарастырылып жатқанын айтқан болатын.


Естеріңізге сала кетсек, жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасы 2015 жылы іске қосылған болатын. Ол 20 жылға есептелген және «револьверлік» әдіске негізделген. Қаржыландырудың жалпы шегі – 82 млрд теңге. Бағдарлама іске асырылған сәттен бастап револьверлік-қайтарымды қаражатты ескере отырып, 159 млрд теңгеге 30 525 қарыз берілді. Қазірдің өзінде 80 мыңға жуық адам отандық автокөліктерді сатып алған.


Жеңілдікпен автонесие беру бағдарламасының шарттары:
- 1 жеңіл автокөлік құны 15 млн теңгеден;
- несие мерзімі – 7 жылдан;
- соңғы қарыз алушы үшін номиналдық сыйақы мөлшерлемесі жылдық 4% аспауы тиіс;
Бүгінгі таңда осы бағдарламамен сатып алу үшін елімізде құрастырылған: Hyundai, KIA, JAC, Chevrolet және LADA сияқты автомобильдер қолжетімді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#авто #несие #бағдарлама #Жеңілдігі бар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

15 тамызда Алматыда өтетін YE концерті: жол қозғалысы қалай шектеледі және қоғамдық көлік қалай жұмыс істейді

Бүгін 17:49

Алматыда өткен кәсіпкерлер форумында «Әділет» партиясы отандық бизнесті дамыту бағдарламасын таныстырды

Бүгін 17:45

Алматыда алманың жаңа сұрпына «Әділет» атауы беріледі

Бүгін 17:32

«Әділет» республикалық сайлауалды штабы Алматының зиялы қауым өкілдерімен кездесті

Бүгін 17:28

Бұл жай ғана дауыс беру емес: Алматыда жастар арасында жаңа электоралдық мәдениет қалай қалыптасып жатыр

Бүгін 17:22
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);