Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Елімізде балаларға арналған «Әлеуметтік патронат»...

Елімізде балаларға арналған «Әлеуметтік патронат» жобасы іске қосылмақ

Әлеумет 05.08.2023, 11:26 1,571
Елімізде балаларға арналған «Әлеуметтік патронат» жобасы іске қосылмақ
Сурет: Baq.kz

Тұрмысы нашар отбасылардан шыққан балаларды қолдау жобасы іске қосылады.


Бұл жайында «Ашық» НҚА порталында жарияланған балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу, олардың құқықтары мен саламаттығын қамтамасыз ету жөніндегі 2023 – 2025 жылдарға арналған кешенді жоспарда жазылған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.



«Әлеуметтік патронат» жобасы тұрмысы нашар отбасылардан шыққан балаларды әлеуметтік қызметтермен жан-жақты сүйемелдеуге мүмкіндік береді. Бұл қызмет өмірлік қиын жағдайға немесе әлеуметтік проблемаларға тап болған отбасыларға қолдау көрсетуге және оларға жәрдемдесуге бағытталған бастама», - делінген құжатта.



Негізгі мақсат - олардың өмірінің әртүрлі аспектілеріне қолдау көрсету және көмектесу арқылы аз қамтылған отбасылардың әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын арттыру. Әлеуметтік патронат отбасылық қатынастардың бұзылуы, ата-ана тәрбиесі мәселелері, отбасындағы зорлық-зомбылық немесе басқа да қиындықтар бойынша түрлі жағдайға тап болған отбасыларға бағытталған жоба.


Бұл жобада аясында әлеуметтік қызмет саласындағы тәжірибелі мамандар қамтылады. Олар жеке қолдау, кеңес беру, жанжалдарды шешуге көмектесу сияқты жұмыстарға тартылып, әлеуметтік қызметтер мен ресурстарды алуға қолдау жасайды.


Сонымен қатар, әр мектепте баланың әлеуметтік әл-ауқатын қамтамасыз етуге бағытталған әлеуметтік педагогтың міндетті лауазымын енгізу ұсынылып отыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Әлеуметтік патронат #жоба #балалар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Атырауда көлік салығы бойынша 321 млн теңге берешек жиналды

Бүгін 08:53

Боран, көктайғақ: сәрсенбіде еліміздің басым бөлігінде ауа райы қандай?

Бүгін 08:39

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.