AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Елімізде балалардың көбі алтын уақыттарын телефонғ...

Елімізде балалардың көбі алтын уақыттарын телефонға экранына үңілумен өткізеді

Әлеумет 03.03.2022, 09:39 1,394
Елімізде балалардың көбі алтын уақыттарын телефонға экранына үңілумен өткізеді
Сурет: Islam.kz

Телефонға телмірген балалар көбейіп келеді. Елімізде балалардың 33,9% күніне 2 және одан да көп сағатын түрлі құрылғылар экранының алдында өткізеді


Мұндай деректі «Қазақстандағы балалар семіздігінің таралуын зерттеу» конференциясында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының басқарма төрағасының міндетін атқарушы Жанар Қалмақова келтірді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.



«Зерттеу нәтижелерінен белгілі болғандай, балалардың 33,9% күн сайын екі және одан да көп сағатын түрлі құрылғылар экранының алдында өткізеді. Бұл көрсеткіш қалаларда 37,2 пайызды, ауылдарда 30 пайызды құрап отыр. Осының салдарынан бала көп қимылдамай, көзінің көру қабілеті нашарлайды. Сондықтан балалардың теледидар, телефон, компьютер немесе планшеттен түрлі мультфильм көріп, ойын ойнауларын шектеу керек», - деді ол.



Жанар Қалмақованың дерегінше, елімізде оқушылардың 77,2 пайызы мектепке жаяу немесе велосипедпен барады. Күніне 1 сағат немесе одан да көп уақыт физикалық белсенді балалардың үлесі – 86,8 пайыз.



«Мектептердің 90,8 пайызы балаларға сабақтан тыс уақытта білім ордасының ашық спорттық алаңдарында ойнауға рұқсат берген. Ал іштегі спорт залда сабақтан тыс уақытта ойнауға мектептердің 88,9 пайызы мүмкіндік беріп отыр», - деді ҚР ДСМ қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының басқарма төрағасының міндетін атқарушы.





Телеграм арнаға жазылыңыз
#телефон #зияны #балалар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);