Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Елімізде бала асырап алу бойынша оң динамика байқа...

Елімізде бала асырап алу бойынша оң динамика байқалады

Әлеумет 27.01.2023, 08:34 1,302
Елімізде бала асырап алу бойынша оң динамика байқалады
Сурет: Islam.kz

"Балажан" жобасы оң нәтижесін беруде.


 Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің балалар құқығын қорғау комитетінің бас сарапшысы Жанна Сәрсенбаева айтып берді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 



«Қолдау орталықтарындағы балалардың психологиялық-эмоционалды жағдайы мен қарым-қатынасы жақсарып келеді. Бастысы балаларға ыңғайлы. Олар өздерін интернатта емес, үйде жүргендей сезінеді. Барлық бала секілді, сабақ оқиды, мектепке барады. Аталған жоба аясындағы тағы бір бағыт - кәсіби патронаттық отбасыны дамыту. Яғни жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды балалар үйіне емес, бірден патронаттық отбасыға беру мүмкіндігі. Бүгінде осы практика енгізіліп жатыр», – деді Жанна Сәрсенбаева елордада өткен балалар үйін трансформациялау мәселелеріне арналған жиын барысында БАҚ өкілдерінің сауалына жауап бере отырып.



Министрлік өкілінің мәлімдеуінше, «Балажан» жобасы Ақмола облысында пилоттық режимде жүзеге асып жатыр. Алда республикалық деңгейде ауқымы кеңейе түседі.



«Келесі жылы Ақкөл қаласындағы балаларды қолдау орталығының тәжірибесін республикаға таратуды жоспарлап отырмыз. Қазір ол жағы заңнамалық деңгейде пысықталуда. Бүгінде елімізде 20 мыңнан астам жетім бала бар. Олардың 80%-ға жуығы туысы немесе басқа отбасыларда тәрбиеленуде. Жалпы, бала асырап алу бойынша елімізде оң динамика байқалады», - дейді ол.



Бұған дейін хабарлағанымыздай, Қазақстанда балалар үйлерінің атауы мен қызметі өзгеріп жатыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Балажан жобасы #бала асырап алу #оң динамика
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

3,1 млрд теңге, Porsche мен Lexus: Маңғыстауда онлайн-казино ұйымдастырды деген күдікті ұсталды

Бүгін 12:36

Тоқаев Трамптың шақыртуымен АҚШ-қа барады

Бүгін 12:12

Петропавлда НЗМ оқушысы үшінші қабаттан құлап, ауыр халде ауруханаға түсті

Бүгін 12:08

Алматылық психолог ҰБТ алдында сабыр сақтаудың жолын айтты

Бүгін 11:48

2026 жылғы қаңтардағы ҰБТ-ның қорытындысы шықты

Бүгін 11:44
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.