AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Елімізде азаматтардың несиелік қарызы 18 триллион...

Елімізде азаматтардың несиелік қарызы 18 триллион теңге

Әлеумет 19.10.2023, 14:20 1,280
Елімізде азаматтардың несиелік қарызы 18 триллион теңге
Сурет: parlam.kz

Ертең  Мәжілісте «Халықтың шамадан тыс кредит алуын азайту және қаржылық сауаттылықты арттыру» тақырыбында Парламенттік тыңдау өтеді. Осы  тыңдауға қатысты Мәжіліс депутаты Берік Бейсенғалиев пікір білдірді,  деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz Мәжіліс палатасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.



«Жалпы шамадан тыс несие алуды азайту және қаржылық сауаттылығын арттыру өзекті болып тұр.  Өйткені  бізде миллиондаған адам несие алды. Ресми деректі сөйлетсек, бүгінде жеке тұлғалардың несие портфелі 18 триллион теңгеден асады. Соның тең жартысы тұтынушылық кепілсіз несие – 9 триллион, 5 триллион 600 миллиард  теңге - ипотека, авто несие көлемі 2 триллион теңгеден асады. Осы үш несиелік өнім жеке тұлғалардың несиелік портфелінің 90 пайызынан асып тұр. 18 триллион теңге несиені 8,5 миллион  азаматымыз рәсімдеп алған.  Мұның ішінде 1 миллион 800  азамат несиесін уақытында қайтара алмай жүр, бұлардың берешегі - 2 триллион теңге. Бүгінде несие беретін банктердің сыйақысының пайызы тым жоғары. Банкроттық туралы заң қабылданып қолданысқа енгізілген наурыз айынан бастап 67 мыңнан астам адам өтініш жазған. Оның ішінде 4 мыңға жуық азаматтың несиесі банкроттық деп танылды. Бұл нені көрсетеді, өтініш берген адамдардың  тек 6 пайызы ғана банкроттық статусын алды деген сөз.  Осы 4 мың  адамның ішіндегі 140 борышкердің әрқайсының  жалпы қарыз  сомасы 150 мың теңгеден аспайды. 18 адамның мойнында төлей алмай жүрген қарызы 50 мың теңгеден төмен. 4 адамның берешегіне тіпті күлесіз – 4 мың теңге.   Мұның бәрі елімізде кей азаматтардың қаржылық сауаттылығы  төмен екендігінің айқын көрінісі. Мұны не үшін айтып отырмын? Әлгі 4  мың теңге берешегі бар адам банкроттық деген статусты алғаны үшін енді 5 жыл бойы ешқандай несие рәсімдей алмайды, шетелге шығуына тыйым салынады. Осындай олқылыққа қарап банкроттық туралы заңды әлі де пысықтау керек деп ойлаймын», деді Б.Бейсенғалиев.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#несие #өтеу #Банкрот
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);