AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Елімізде алғаш рет теннистен әлем чемпионатының ір...

Елімізде алғаш рет теннистен әлем чемпионатының іріктеу сайыстары өтеді

Спорт 20.04.2023, 11:13 1,477
Елімізде алғаш рет теннистен әлем чемпионатының іріктеу сайыстары өтеді
Сурет: Теннис федерациясы

Әлем чемпионатына баратын 16 команда анықталады.


Елімізде алғаш рет ұйымдастырылып отырған жарыста Азия - Тынық мұхит аймағының жасөспірімдері бақ сынайды. Іріктеу сайысы Шымкент қаласында 1-13 мамыр күндері 16 жасқа дейінгілер арасында өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 


Теннис федерациясының баспасөз қызметінің мәліметінше, әлем чемпионатына жолдама үшін қыздар арасында Қазақстан, Аустралия, Тайбэй, Гонконг, Үндістан, Индонезия, Малайзия, Иран, Жапония, Оңтүстік Корея, Қырғызстан, Моңғолия, Жаңа Зеландия, Таиланд, Өзбекстан, Вьетнам құрамалары кортқа шығады.


Бозбалалар арасында Қазақстан, Аустралия, Малайзия, Пәкстан, Сингапур, Тайбэй, Гонконг, Үндістан, Индонезия, Иран, Жапония, Оңтүстік Корея, Жаңа Зеландия, Таиланд, Өзбекстан, Вьетнам командалары сынға түседі.


Қазақстан намысын мына спортшылар қорғайды:


Бозбалалар:


1. Әмір Омарханов (Қарағанды)


2. Заңғар Нұрланұлы (Түркістан).


Үшінші бос орынға Дамир Жалғасбай (Алматы), Бақтияр Ерасыл (Астана) және Артем Сидоров (Алматы) таласады.


Қыздар:


1. Іңкәр Дүйсебай (Алматы)


2. Полина Слепцова (Алматы)


3. Ариана Гогулина (Астана)


4. Анастасия Крымкова (Тараз).


Осылардың ішінен команда капитаны үшеуін таңдайды.


Шымкенттегі іріктеу сайысында 16 команда төрт топқа бөлінеді. Әр топтан екі үздік құрама плей-офф кезеңіне шығып, әлем чемпионатының жолдамасын сарапқа салады. Азия - Тынық мұхит аймағынан бозбалалар арасында әлем чемпионатына төрт жолдама беріледі, яғни жартылай финалға шыққан командалар әлем біріншілігіне жолдама алады. Қыздар арасында үш жолдамаға үздік үштікке енгендер ие болады.


Шымкентпен қатар, Еуропа, Африка, Оңтүстік, Солтүстік және Орталық Америкада іріктеу жарыстары өтіп, әлем чемпионатына баратын 16 команда анықталады.



Телеграм арнаға жазылыңыз
#теннис #іріктеу сайыстары #Әлем чемпионаты
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);