ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Елімізде алғаш рет географиялық диктант өтті

Елімізде алғаш рет географиялық диктант өтті

Әлеумет 24.04.2024, 11:21 969
Елімізде алғаш рет  географиялық диктант өтті
Сурет: 24.kz
Республикалық іс-шараға бір уақытта ел бойынша он ұйым қатысты.

Республикалық іс-шараға бір уақытта ел бойынша он ұйым қатысты.


Аталған шараның мақсаты – географиялық білімді насихаттау және еліміздің тұрғындары мен қонақтары арасында Қазақстан географиясын зерттеуге қызығушылықты арттыру, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап. 



Географиялық диктант – қатысушылардың ойлау қабілетін дамытып, географиялық білім беруді жүйелейді. Сонымен қатар, бұл шараға қатысу – білім беру мекемелері мен қоғамдық ұйымдардың еліміздегі білімі мен мәдениетін дамытудағы белсенді рөлін көрсетеді – дейді ұйымдастырушылар.



Диктант оффлайн форматында өтіп, мұнда әрбір қатысушы қазақ және орыс тілдерінде еліміздің географиясы бойынша білімін тексеруге мүмкіндік алды. Диктант анонимді өтіп, тіркелу кезінде әрбір қатысушыға оның нәтижесін білуге болатын бірегей код берілді. 2024 жылдың 26 сәуірінде нәтижелер «QazaqGeography» Instagram аккаунтында сәйкестендіру нөмірлері бойынша жарияланады. Шара соңында барлық қатысушыларға «QazaqGeography» сертификаттары мен журналдары табыс етілді.


Шараға келесі жоғары оқу орындары мен географиялық ұйымдары қатысып,  геодиктантты өткізуге мүмкіндік беретін аймақтық алаңға айналды: Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті, Ә.Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті, Әлихан Бөкейхан атындағы университет, Шәкәрім атындағы Семей университеті, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті, Павлодар География Үйі мен «QazaqGeography» кеңсесі. Осы университеттер мен ұйымдардың аудиторияларында Қазақстан географиясы бойынша білім жарыстыру үшін барлық жастағы 100-ден астам қатысушылары жиналды.



«Біз Қазақстанның Географиялық диктанты идеясының осындай қызығушылыққа ие болғанына және еліміздің географиясына құмар түрлі жастағы адамдарды біріктіргеніне қуаныштымыз. Біздің мақсатымыз – географияға деген қызығушылықты арттырып, одан да көп азаматтардың бірегей мұрамызды танып, сүюіне мүмкіндік беру», – деді «QazaqGeography» РҚБ басқарма төрайымы Әйгерім Мұсағажинова.


Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,436 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,279 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,984 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,180 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.