AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Елімізде алғаш рет әртістерге арналған оңалту орта...

Елімізде алғаш рет әртістерге арналған оңалту орталығы ашылды

Мәдениет 27.12.2024, 16:11 948 dulatbekova
Елімізде алғаш рет әртістерге арналған оңалту орталығы ашылды
Сурет: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Мұндай орталық Астанада ашылып отыр. 

«Астана Опера» театр саласында жаңа стандарттарды енгізуді жалғастыруда, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Алғаш рет Қазақстанда театр жанынан әртістер мен техникалық ұжымның белсенді физикалық қозғалыстан және жарақаттардан кейін қалпына келуі үшін мамандандырылған көмек алатын оңалту кабинеті пайда болды.

Игі бастаманың іске асуына ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен «Самұрық-Қазына» қоры қолдау көрсетті. 

Театр – әртістің жан-тәнімен берілуін талап ететін өнер. Әрбір спектакльді сахналау үшін бірнеше ай бойы дайындықтар қажет. Кейде олар белсенді физикалық жұмыстан кәсіби жарақаттар да алады. Осы уақытқа дейін Қазақстандық әртістер денсаулығына өзбетінше қарап немесе жалпы бейіндік емханаларға жүгінетін.

Енді оңалту кабинеті ашылған соң, кәсіби көмек қолжетімді бола түспек. Кабинет бұлшықетті қалпына келтіруге, ауырсынуды басуға және түрлі ем-шаралар жасауға арналған заманауи құралдармен жабдықталған. Дәл осы жерде әртістердің қалыпты жұмысына тезірек оралуы үшін оларға қалай көмектесуді білетін реабилитолог маманның кеңесін алуға болады.

Оңалту кабинетінің ашылуы – театр өміріндегі жаңа кезеңнің белгісі. Сахнада кәсіби өнерімен халықтың ықыласына бөленіп, сәтті өнер көрсетіп жүрген «Астана Опера» инновациялық бастама жасады. Мұндай қадам сахнадағы барлық өнерпаздың еңбегіне деген құрметті көрсетеді. Сондай-ақ сахнада әсерлі өнер көрсеткен әр әртістің артында қажырлы еңбек, денсаулық пен жанкештілік тұрғанын еске салады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Әртістерге арналған #Оңалту орталығы #астана
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қоғамның тұрақты дамуы отбасының беріктігіне байланысты

Бүгін 17:34

Алматыда ауа сапасын бақылау жүйесі кеңейтіледі

Бүгін 17:27

Алматыда қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару тарифі өзгертіліп, әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға жеңілдіктер енгізіледі

Бүгін 17:25

Қазақстандық оқушылар Ташкенттегі олимпиадада үздік атанды

Бүгін 17:16

Пара үстел теннисінен ел чемпионатында ШҚО спортшылары 19 медаль жеңіп алды

Бүгін 16:48
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);