Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Елімізде 8 мыңға жуық ата-ана алимент төлемей жүр

Елімізде 8 мыңға жуық ата-ана алимент төлемей жүр

Әлеумет 28.03.2022, 11:06 1,263
Елімізде 8 мыңға жуық ата-ана алимент төлемей жүр
Сурет: Inform.kz

Алимент төлеуден "қашып" жүргендердің арасында екі-үш балалы ата-аналар да бар


ҚР Әділет министрі Қанат Мусин елімізде баласына алимент төлеуден жалтарып жүрген ана-аналардың санын атады.



«Шамамен 8 мың ата-ана алимент төлемейді. Олардың екіден, үштен балалары бар. Яғни, сан еселеп өседі. Мұны аз деп айта алмаймын, өте көп. Себебі де көп, борышкердің шынымен ақшасының болмауы мүмкін. Алимент төлегісі келмей, одан жалтаруы да ықтимал. Осы мақсатта түрлі қулыққа барып, жұмыс орындарын көрсетпейді. Жалақыларын төмен көрсетіп, тіпті сот орындаушыларынан жалтарып та жүреді», - деді министр бүгін Мәжілістегі Үкімет сағатынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына орай.



Оның атап өтуінше, мемлекет барлық тәсілдер арқылы бұл проблеманы шешуге тырысып келеді. Мәселен, осындай іспен айналысатын сот орындаушылары ынталандырылып отырады. Әрбір алимент ісі бойынша сот орындаушысына мемлекет жылына 15 айлық есептік көрсеткіш көлемінде қаржы төлейді. Бұл істе сот орындаушыларына да қатаң талап қойылады. Егер сот орындаушысы алиментті өндіріп алу бойынша нақты атқарушылық іс-қимыл жасамаса, онда лицензиясынан айырылады. Сонымен қатар министр төлем жасаудан жалтарып, түрлі жол іздейтін борышкерлердің де бар екенін жасырмады.



«Сот орындаушылары оларға барынша кедергі келтіруге тырысады. Бірақ, кейде оған мүмкін болса, енді бірде ондай мүмкіндік болмай қалады. Дегенмен, төлем жасамайтындар анықталып, жұмысқа орналастырылады. Өткен жылы біз 2,6 мыңға жуық адамды жұмысқа орналастырдық. Олар жалақы алып, алименттерін төледі. Алимент төлемейтіндер тек біздің ғана проблемамыз емес. Ол барлық жерде, оның ішінде Қазақстанда да болды әрі бола да береді», - деді Қанат Мусин.





Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алимент #жалтарғандар #ата-аналар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жарты ғасырдан кейінгі жүздесу: Оралда ағайындылар 54 жылдан соң қауышты

Бүгін 09:42

Қазақстандағы орташа зейнетақының жаңа мөлшері белгілі болды

Бүгін 09:33

Үш жеңіс: алматылық жас инженерлер Central Asia FIRST Championship 2026 чемпионатында жоғары нәтиже көрсетті

Бүгін 09:11

Таразда белгісіз ер адамдар 13 жастағы қызды ұрлап әкетпек болған

Бүгін 09:07

Атырауда көлік салығы бойынша 321 млн теңге берешек жиналды

Бүгін 08:53
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.