AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Сайлау-2023 / Елімізде 8 150 сайлау учаскесінде дауыс беру жүріп...

Елімізде 8 150 сайлау учаскесінде дауыс беру жүріп жатыр

Сайлау-2023 20.11.2022, 01:58 1,227
Елімізде 8 150 сайлау учаскесінде дауыс беру жүріп жатыр
almaty-akshamy.kz


Еліміз бойынша 8 150 сайлау учаскесінде дауыс беру жүріп жатыр. Бұл туралы ҚР Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров айтты, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.










«ҚР Орталық сайлау комиссиясы облыстардың, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, астана уақытымен сағат 07-00-дегі жағдай бойынша өңірлерде 8 150 учаске дауыс беруге кіріскенін хабарлайды. Сонымен қатар 11 шет мемлекеттегі Қазақстанның 12 учаскесінде дауыс беру басталды. Конституциялық заң аясында аумақтық комиссиялар қабылдаған шешімге сәйкес 86 учаскеде дауыс беру сағат 06-00-де басталған болатын», - деді Константин Петров.



Оның атап өтуінше, 5 өңірдегі, атап айтқанда, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау және Қызылорда облыстарындағы 1 883 сайлау учаскесінде дауыс беру жергілікті уақытпен сағат 07-00-де, ал астана уақытымен сағат 08-00-де басталады.



«Сонымен қатар Қазақстан Республикасында 10 101, оның ішінде 53 шет мемлекеттегі 68 сайлау учаскесі бар екендігін атап өтемін. Оларда дауыс беру жергілікті уақыт бойынша сағат 07-00-де басталады. Сайлауға қатысуға құқығы бар азаматтардың тізімінде 11 950 485 сайлаушы бар. Бұған қоса кеше 18-00-де дауыс беруге арналған есептен шығару куәлігін беру аяқталды. Республика бойынша 22 578 куәлік берілді. Сайлаушы онымен еліміздің кез келген жеріндегі сайлау учаскесінде дауыс бере алады», - деді ол.



Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #қараша #сайлау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);