конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Елімізде 400 тоннадан астам алтын қоры бар

Елімізде 400 тоннадан астам алтын қоры бар

Әлеумет 16.06.2022, 09:13 916
Елімізде 400 тоннадан астам алтын қоры бар
Сурет: Kapital.kz

Бұл сала – мемлекетіміздің қаржы-экономикалық әл-ауқатының кепілі.


Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Марат Қарабаев Astana Mining & Metallurgy-2022 аясында өткен ІІІ Қазақстанның Алтын өндірушілерінің форумында айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Алқалы басқосуда еліміздің тау-кен кешені саласына инвесторларды тарту үшін заңнаманы жетілдіру, құнды металдар нарығы саласын қолдау бойынша әлемде қалыптасқан үрдістер, салықтық жеңілдіктер мен артықшылықтар, алтын өндіру жобаларының инвестициялық тартымдылығын арттыру үшін салық режимдерін қолайлы етуге ықпал ету мәселелері жан-жақты талқыланды.


Марат Қарабаев өз сөзінде қазақстандық алтын өндірісі саласының стратегиялық маңыздылығына тоқталды. Оның айтуынша, бұл сала – мемлекетіміздің қаржы-экономикалық әл-ауқатының кепілі.



«Елімізде 400 тоннадан астам алтын қоры бар. Қазақстан алтын қоры бойынша әлемде он екінші орында. Біздің алтын өндірушілер еліміздің экономикалық тұрақтылығын сақтауға айтарлықтай үлесін қосып отыр. Бұл мемлекет пен бизнестің өзара ықпалдастығының нәтижесінде қол жеткізілді. Өз кезегінде «Бағалы металдар мен асыл тастар туралы» жаңа заң да саланың дамуына тың серпін бергенін атап өту керек. Аталған заң алтын өндірудің барлық кезеңін елімізде жүзеге асыруға мүмкіндік берді», – деді вице-министрі.



Осы ретте айта кетейік, өткен жылы Қазақстанда 33 млн тонна кен және 66 тонна тазартылған алтын өндірілген.


Қазіргі күнде елімізде 3 алтын тазарту зауыты жұмыс істейді. Оның екеуі Лондон металл биржасының Good Delivery статусына ие. Бұл – қазақстандық алтын құймасының әлемдік деңгейде мойындалғанының айқын нышаны.


Марат Қарабаевтың айтуынша, Қазақстанның ресурстық базасының айтарлықтай кеңдігі – саланың өндірістік қуаттылығын ұлғайтуға зор мүмкіндік береді. Мәселен, бүгінгі таңда 1 трлн теңге қаржы тарта отырып жыл сайын 12 тонна арфинарлық алтын шығару әлеуеті бар және 2 600 тұрақты жұмыс орнын қамтитын11 жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Өз кезегінде бұл бастама еліміздің әлеуметтік-экономикалық саласының дамуына тың серпін бермек.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#алтын #қор #биржа
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Дархан Сатыбалды Алматының білім беру саласы қызметкерлерінің тамыз конференциясына қатысты

Бүгін 14:35

Алматы облысында жаңа мәдениет үйі ашылды

Бүгін 14:11

Almaty Gallery Өзбекстан суретшілерінің туындыларын ұсынды

Бүгін 13:57

YE концерті 15 тамызда сағат 21:00-де өтеді

Бүгін 13:54

Қазақстанда егін жинау науқаны жоғары өнімділікпен басталды

Бүгін 12:03
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);