AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Елімізде 4 мыңға жуық студенті «Менің бауырым» жоб...

Елімізде 4 мыңға жуық студенті «Менің бауырым» жобасына атсалысуда

Білім және ғылым 12.03.2024, 08:07 1,113
Елімізде 4 мыңға жуық студенті «Менің бауырым» жобасына атсалысуда
Сурет: Gov.kz

Бүгінде Алматы, Астана қалалары мен Алматы, Жетісу және Қарағанды облыстарының 36 ЖОО мен колледждерінің 4 мыңға жуық студенті «Менің бауырым» жобасына қатысуда.


Еріктілер қатарына педагог, психолог, әлеуметтік педагог, заңгер, IT мамандықтары бойынша білім алушы 3-4 курс студенттері қосылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚР Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап. 


Студенттер еліміздің 217 мектебінде ерікті болып қызмет атқаруда. Жобаны іске асыруда түрлі және тиімді тәсілдер қолданылады. Әсіресе зерттеу жүргізуге ерекше көңіл бөлінуде, оның ішінде туған жерді, экологияны зерделеу, сондай-ақ жобалар бойынша зерттеу қорытындысын таныстыруды еріктілер қызметін қорытындылау секілді мектепішілік шаралармен орайластыру жоспарлануда. Сонымен қатар шеберлік сыныптары, флэшмобтар, челлендждер, спорттық турнирлер, қайырымдылық акциялары, ток-шоу және TEDX форматындағы сыныптан тыс іс-шаралар қарастырылған. Бұл жұмыс түрлері жобаға қатысушылардың дамуына ықпал ететін интерактивті және жан-жақты білім беру ортасын құруға бағытталған.



«Бұл түрлі жастағы адамдарды біріктіретін республикалық ауқымдағы бірегей әлеуметтік жоба. Оның ішінде педагогтер, студенттер, балалар мен ата-аналар бар. Бұл жоба барлығына пайдалы болады және болашақтың мектебін құру үшін күш біріктіруге мүмкіндік береді, онда әркім өзінің қажетті және маңызды екенін сезініп, бойындағы үздік қарым-қабілеттерін ашады», - деп атап өтті ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова.


Айта кетейік, жоба өткен жылдың қараша айында Оқу-ағарту министрлігі мен Ғылым және жоғары білім министрлігі тарапынан мектеп оқушылары үшін қолайлы және дамытушы білім беру ортасын құруға ықпал ету мақсатында басталған болатын. «Менің бауырым» деген сөздің мағынасы тек қорғау ғана емес, сондай-ақ рухани қолдау дегенді де білдіреді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Менің бауырым #жоба #студенттер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді

Бүгін 17:57

Қазақстандық ғалым әлемдік стоматологияға жаңа көзқарас ұсынуда

Бүгін 17:51

Қоғамның тұрақты дамуы отбасының беріктігіне байланысты

Бүгін 17:34

Алматыда ауа сапасын бақылау жүйесі кеңейтіледі

Бүгін 17:27

Алматыда қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару тарифі өзгертіліп, әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға жеңілдіктер енгізіледі

Бүгін 17:25
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);