ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Елімізде 3 күнде адам саудасына қатысты 47 қылмыс...

Елімізде 3 күнде адам саудасына қатысты 47 қылмыс анықталды

Заң мен тəртіп 19.06.2023, 07:21 818
Елімізде 3 күнде адам саудасына қатысты 47 қылмыс анықталды
Сурет: KAZ.NUR.KZ.
Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шұғыла Тұрлыбек айтты.

Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шұғыла Тұрлыбек айтты.


ІІМ «STOP трафик» жедел алдын алу іс-шарасының қорытындысын жария етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz



«Операцияның 3 күнінде полицейлер адам саудасына байланысты 47 қылмысты анықтады. Оның ішінде – жұмысқа жегу мақсатында заңсыз бас бостандығынан айырудың 3 фактісі, 10 адам саудасы, оның ішінде 5-уі кәмелетке толмағандар, 7 жезөкшелікпен айналысуға тарту фактісі, оның 3-і кәмелетке толмағандарға қатысты және 27 притон ұстау мен жеңгетайлық фактілері. Жезөкшелікпен айналысуға үй-жайлар бергені және жеңгетайлық үшін 30 әкімшілік құқық бұзушылық және қоғамдық орындарда тиісу фактісі бойынша 453 құқық бұзушылық тіркелді», - деді ол.



Ресми өкілдің дерегінше, Алматы облысында кәмелетке толмағандарды саудалау фактісі анықталған. Облыстың 39 жастағы тұрғыны өзінің жаңа туған ұлын сатып жібергені белгілі болды. Бұл дерек 2021 жылдың желтоқсанында орын алған. Әйел баласын ерлі-зайыпты жұпқа заңсыз асырап алу мақсатында жарты миллион теңгеге сатқан.


Ал Қарағанды облысында еңбекке еріксіз жегу фактісі анықталды. Шаруа қожалығының басшысы бірнеше жыл бойы зорлық-зомбылықпен, сондай-ақ өзіне қарыз екенін пайдаланып, 52 және 30 жастағы екі тұрғынды жұмысқа салған. Ер адамдар үй шаруашылығымен, техниканы жөндеумен және мал күтімімен айналысуға мәжбүр болған. Қашуға тырысқанда олар қожалыққа қайта қайтарылып, жазаланып отырған. Шаруа қожалығына жақын трасса 65 шақырым жерде орналасқан. Қазіргі уақытта еңбекке еріксіз жегу мақсатында заңсыз бас бостандығынан айырғаны үшін қылмыстық іс қозғалып, терге жүргізіліп жатыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,434 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,277 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,984 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,180 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.