Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Елімізде 240 мың волонтер бар

Елімізде 240 мың волонтер бар

Әлеумет 04.12.2023, 08:57 1,097
Елімізде 240 мың волонтер бар
Сурет: 24.kz

Елдегі еріктілер қозғалысының қатары жыл сайын толыға түсуде.


Бүгінде аймақтарда 20 фронт кеңселер жұмыс істейді. Биыл онда 10 мыңнан астам волонтер арнайы оқытудан өткен, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап. 


Ал «Қазволонтер» платформасында 70 мың адам тіркеліп, 72 жобаны жүзеге асырған. Қазақстанның бұл бағыттағы тәжірибесін бірқатар Орта Азия елдері қабылдауға ниетті. Халықаралық волонтерлер күні қарсаңында өткен форумда еліміздің еріктілер қозғалысын дамытудағы тәжірибесі талқыланды. Жиынға көрші мемлекеттерден үкіметтік емес ұйым өкілдері қатысып, елдегі волотерлік ұйымдардың жұмысымен танысты.



«Қазақстан тарапының қаржыландырумен 2020 жылдан бастап Қазақстанның азаматтары Біріккен Ұлттар Ұйымының бағдарламасы бойынша басқа елдерде волонтер болып жұмыс істеп жатыр. Олар Түркияда, Африка елдерінде жұмыс істеуде. Бұл бағдарлама ары қарай жалғасады. Қазақстан 7 адамды басқа елдерде көмек көрсе үшін ерікті ретінде жібереді», - дейді  ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Данияр Қадыров.



«Қазақстан азаматтары шетелде волонтер ретінде көмек көрсеткісі келсе, ел Үкіметі бұған қолдау көрсетеді.  Бұның өзі Қазақстанның еріктілер қозғалысы халықаралық деңгейге шыққанының дәлелі. Бұдан бөлек, Қазақстанда үздік волонтерлерге арнайы сыйлық қарастырылған. Осының өзі ел Үкіметінің бұл салаға үлкен мән беретінінін көрсетеді», - дейді БҰҰ волонтерлер бағдарламасының консультациялық қызметтер секциясының басшысы Тапива Камуруко.




Телеграм арнаға жазылыңыз
#волонтер #ерікті #арнайы оқыту
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Үлкен Алматы көліне апаратын жүргінші соқпағы 2026 жылы салынады

Бүгін 16:42

Алматыда жаңа перзентхана мен амбулатория құрылысына 3,6 млрд теңге бөлінеді

Бүгін 16:37

Алматыда тоғыз білім беру нысанының құрылысы аяқталып қалды

Бүгін 16:33

2026 жылы Алматының нақтыланған бюджеті 2,8 трлн теңге болды

Бүгін 16:28

Алматыда "Almaty Business – 2030" кәсіпкерлікті дамытудың жаңа бағдарламасы ұсынылды

Бүгін 16:26
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.