ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Медицина / Елімізде 2 миллион адам жүрек-қан тамырлары ауруын...

Елімізде 2 миллион адам жүрек-қан тамырлары ауруына шалдыққан

Медицина 08.06.2022, 02:20 2,344
Елімізде 2 миллион адам жүрек-қан тамырлары ауруына шалдыққан
Cурет: Almaty.tv
Бауыржан Алдабергенұлы үшін әр таң ота жасаумен басталады

Бауыржан Алдабергенұлы үшін әр таң ота жасаумен басталады


Соңғы ақпарға сәйкес, елдегі 2 миллион адам жүрек-қан тамырлары ауруына шалдыққан, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv-ге сілтеме жасап.


Бауыржан Алдабергенұлы үшін әр таң ота жасаумен басталады. 10 жылда ол 2000-нан аса түрлі деңгейдегі операцияларға қатысқан. Аталған сала бойынша алдыңғы қатарда жүрген маман жүрекке бұрын жасалмаған миниизвазивті отаны енгізген. Жалпы, ауыр патологиядағы науқастар алдына көп келетін абзал жан жуырда ғана күрделіліктің 6-деңгейіндегі операциясын өткізіпті.



«Кешкі сағат 18:00 науқасты отаға алдық, келесі күнгі таңғы 7:00-де бітті. Біз үшін бұл – жеңіс, себебі 12-13 сағатқа созылған ота сәтті аяқталып, науқас бір аптадан кейін үйіне шығарылды», – деді А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы кардиохирургия бөлімінің меңгерушісі Бауыржан Рақышев.



«Тиісті көмек дер кезінде көрсетілмесе, мұндай жағдайда науқастардың 95 пайызын құтқару мүмкін болмайды» дейді маман. Сондықтан, бір адамды аман алып қалу үшін бір емес, бірнеше дәрігер білгенін ортаға салады, қолдан келгенін жасайды. Міндетіміз деп білетін олардың еңбегін көпшілік ерлікке балайды.  


Қазіргі таңда әлемдік тәжірибеде жүрекке жасалуы тиіс отаның бәрі Қазақстанда да жүзеге асып жатыр. Бұл ретте әрине, мамандардың біліктілігі негізгі рөл ойнайды. Ал науқастың айығып кетуіне кәсіби шеберлікпен бірге, адами фактордың да әсері зор.



«Ең алдымен, дәрігер болатын адамның бойында оның адамгершілік қасиеті болуы, адамға жаны ашуы керек. Мәселе сонда. Білесіздер, дәрігерлерде науқасты ұлтқа, ұлысқа, дінге, жынысқа бөлу деген жоқ.  Адамзат баласының барлығын емдеуге біз дайынбыз», – деді А.Н. 



Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы кардиохирургия бөлімінің меңгерушісі Бауыржан Рақышев.


Бүгінде Қазақстан дәрігерлері дәл осы жүрек ауруларына ота жасауда шетелдік мамандармен өзара байланыс орнатып, озық технологияларды елге әкелуде де көштен қалмай келеді. Ал, адамзаттың амандығы, жұмыр жердің тұтастығы үшін қызмет қылып жүргендердің еңбегін елеу – ел міндеті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,432 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.