Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Елімізде 2 бөлмелі пәтерлер көбірек сатылады

Елімізде 2 бөлмелі пәтерлер көбірек сатылады

Әлеумет 12.03.2024, 05:14 902
Елімізде 2 бөлмелі пәтерлер көбірек сатылады
Сурет: Realt.by

Көпқабатты үйлердегі пәтер саудасының негізгі үлесі Алматы (24,3%), Астана (23,5%) қалаларына және Қарағанды облысына (7,9%) тиесілі.


Бұл жайында ұлттық статбюро мәлімдеген. 2024 жылдың қаңтарымен салыстырғанда, көппәтерлі үйдегі мәміле саны 4,4% (1128 мәмілеге) азайған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 



2024 жылдың ақпан айында пәтер бойынша барлығы 24 517 мәміле жасалды, бұл жалпы мәміле санының 80,3%.


Бөлме саны бойынша 2 бөлмелі пәтер сатылымы басым болды, 2024 жылдың ақпанында осындай 9 167 мәміле ресімделген.


2024 жылдың қаңтар айымен салыстырғанда, ақпанда жеке тұрғын үйлер бойынша тұрақтылық байқалады, мәміле саны 0,8% немесе 51 мәмілеге азайды. 


Ақпанда барлығы 6 017 мәміле тіркелді. Сонымен қоса, азаю еліміздің барлық аймағында байқалды.


Ең жоғары өсім Астана (+65,7%), Алматы (+14,1%) қалаларында және Шығыс Қазақстан облысында (+9,4%) байқалды.


Ал бір айдағы ең үлкен құлдырау Абай (-23,7%), Солтүстік Қазақстан (-10,8%) және Түркістан (-9,8%) облыстарында болды.


2024 жылғы ақпанда тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілесі былтырғы ақпанмен салыстырғанда 26,6% көбейген, ол кезде 24 118 мәміле ресімделген болатын. 


Оң көрсеткіш Ұлытау және Маңғыстау облыстарынан басқа елдің барлық аймағында тіркелді, ондағы азаю сәйкесінше 18,3% және 8,7%. 


Павлодар облысында ұлғаюдың ең үлкен көрсеткіші (75,4%) тіркелді.


2024 жылдың қаңтар-ақпан айларындағы мәміле санының 2023 жылдың қаңтар-ақпан айларындағы мәміле санымен салыстырғанда 28,6% оң динамика байқалды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Пәтерлер #2 бөлмелі #сауда #басымдық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

3,1 млрд теңге, Porsche мен Lexus: Маңғыстауда онлайн-казино ұйымдастырды деген күдікті ұсталды

Бүгін 12:36

Тоқаев Трамптың шақыртуымен АҚШ-қа барады

Бүгін 12:12

Петропавлда НЗМ оқушысы үшінші қабаттан құлап, ауыр халде ауруханаға түсті

Бүгін 12:08

Алматылық психолог ҰБТ алдында сабыр сақтаудың жолын айтты

Бүгін 11:48

2026 жылғы қаңтардағы ҰБТ-ның қорытындысы шықты

Бүгін 11:44
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.