AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Өмір-өзен / Елімізде 16 мыңнан астам заңсыз отшашу тәркіленді

Елімізде 16 мыңнан астам заңсыз отшашу тәркіленді

Өмір-өзен 05.01.2023, 04:24 1,617
Елімізде 16 мыңнан астам заңсыз отшашу тәркіленді
Сурет: BAQ.KZ

Бұл пиротехникалық заттардың сертификаты жоқ.


25 желтоқсан мен 3 қаңтар аралығында республикада «Пиротехника» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.


Полиция қызметкерлері төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп, азаматтық пиротехникалық заттар мен бұйымдардың айналымы ережелерінің сақталуына бақылау жүргізді.


Жаңа жыл түні отшашуларды қолдану кезінде 15 адам, оның ішінде кәмелетке толмаған алты бала күйіп қалды.



«Мысалы, елордада 1 қаңтарда түнде аулада отшашуды қолдану кезінде екі бала мен олардың әкесі ерні мен қолын күйдіріп алған. Тағы бір оқиға Астанадағы Нәжімеденов көшесінде болды. Пиротехникалық заттарды дұрыс пайдаланбау салдарынан балкон өртенді. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ», - деді полицейлер.



Polisia.kz-тің мәліметінше, үй иесі полицияға хабарласпаған. Жедел-профилактикалық іс-шара басталғаннан бері барлығы 16 400 сертификатсыз пиротехникалық өнім тәркіленді.


Бір апта ішінде пиротехникалық бұйымдарды сату ережелерін бұзғаны үшін 842 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#полиция #пиротехника #сертификат
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41

Тоқаев Бельгиялықтар Королі мен Патшайымын шығарып салды

Бүгін 12:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);