Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Елімізде 15 мыңнан аса шетелдік жұмыс істейді

Елімізде 15 мыңнан аса шетелдік жұмыс істейді

Әлеумет 29.09.2022, 06:21 912
Елімізде 15 мыңнан аса шетелдік жұмыс істейді
Сурет: Azattyq Rýhy

Шетелдік жұмыс күші құрылыс саласына көп тартылыпты.


1 қыркүйектегі мәлімет бойынша, жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен Қазақстан аумағында 15 524 шетел азаматы еңбек етеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттардың арасында мынадай санаттар бар: басшылар мен олардың орынбасарлары үшін – 594 рұқсат (бірінші санат), құрылымдық бөлімшелердің басшылары үшін – 3 901 рұқсат (екінші санат).


Еңбекке тартылған шетелдік жұмыс күшінің негізгі бөлігі үшінші (мамандар) және төртінші (білікті жұмысшылар) санаттарға жатады – тиісінше 8 894 және 911 адам.


Сондай-ақ маусымдық жұмыстарға 1 430 адам, ал корпоративтік ауыстыру аясында 1 604 адам тартылды.



«Қазіргі уақытта Қазақстанда шетелдік жұмыс күшін пайдаланатын 1 748 жұмыс беруші бар. Оларда 400 мыңнан астам Қазақстан азаматы жұмыс істейді, бұл қызметкерлердің жалпы санының 96%-ын құрайды», - делінген хабарламада.



Экономикалық қызмет түрлері бойынша ең көп жұмыс істейтіндер:


құрылыс саласында – 6 139 адам (40%);


тау-кен өнеркәсібі және карьерлерді қазу – 1 489 адам (10%);


ауыл, орман және балық шаруашылығы – 1 256 адам (8%);


кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет – 1 158 адам (8% );


өңдеу өнеркәсібі – 1 154 адам (8%).


Ведомство ақпараты бойынша, еңбек мигранттары негізінен Қытайдан – 3 576 адам, Үндістаннан – 1 740 адам, Түркиядан – 1 701 адам, Өзбекстаннан – 1 535 адам, Ұлыбританиядан – 1 127 адам келген.



Ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында еңбек министрлігі жыл сайын республикаға шетел мамандарын тартуға квота белгілейді және бөледі. Осы жылғы қаңтарда ірі отандық бизнес өкілдерімен кездесу қорытындысы бойынша Президенттің берген тапсырмасын орындау үшін министрлік шетел жұмыс күшін тартуға арналған квотаны бұрын жоспарланған 28 352 бірліктен 23 560 бірлікке дейін, яғни 4 792 адамға (16%) қысқартты.



 


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#мигрант #жұмысшы #министрлік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Үш жеңіс: алматылық жас инженерлер Central Asia FIRST Championship 2026 чемпионатында жоғары нәтиже көрсетті

Бүгін 09:11

Таразда белгісіз ер адамдар 13 жастағы қызды ұрлап әкетпек болған

Бүгін 09:07

Атырауда көлік салығы бойынша 321 млн теңге берешек жиналды

Бүгін 08:53

Боран, көктайғақ: сәрсенбіде еліміздің басым бөлігінде ауа райы қандай?

Бүгін 08:39

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.