ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Білім және ғылым / Елімізде 1,4 млн-нан астам "Жеке қауіпсіздік" саба...

Елімізде 1,4 млн-нан астам "Жеке қауіпсіздік" сабағы өткізілді

Білім және ғылым 02.12.2025, 09:22 403
Елімізде 1,4 млн-нан астам "Жеке қауіпсіздік" сабағы өткізілді
Сурет: Gov.kz
Жаңа оқу жылының басынан бастап еліміздің барлық балабақшаларында, мектептерінде және колледждерінде 1,4 млн-нан астам "Жеке қауіпсіздік" сабағы өткізілді.

Жаңа оқу жылының басынан бастап еліміздің барлық балабақшаларында, мектептерінде және колледждерінде 1,4 млн-нан астам "Жеке қауіпсіздік" сабағы өткізілді.

Бұл сабақтардың мақсаты – балалар мен жасөспірімдерді қауіпсіздік ережелерін сақтауға дағдыландыру, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Сабақтардың тиімділігін анықтау мақсатында жүргізілген республикалық мониторингке 46 мың педагог, 318 мыңнан астам оқушы қатысты. Оның нәтижелері сабақтардың жоғары сұранысқа ие екенін айғақтайды. Мәселен, педагогтардің 92%-ы мектептегі жалпы ахуалдың жақсарғанын, 96%-ы оқушылардың өзіне деген сенімділігі артқанын айтты. Ал оқушылардың 95,5%-ы сабақтарды оң бағаласа, 90%-ы олардың күнделікті өмірде пайдалы екенін жеткізді.

Жеке қауіпсіздік сабақтары апта сайын сынып сағаты аясында 10 минуттан өткізіледі. Сабақтың мазмұны балалардың жас ерекшелігі мен қабылдау деңгейіне сәйкес әзірленген.

Балабақшаларда балалар шұғыл қызмет нөмірлерін жаттайды, қауіпсіздік ережелерімен танысады, бейтаныс адамдардан сақтану және ойын алаңында, қоғамдық орындарда қауіпсіздік шаралары пен тәртіп сақтауды үйренеді.

Мектептерде күнделікті өмір мен цифрлық ортадағы қауіпсіздікке басымдық беріледі. Оқушылар жеке мәліметтерді қорғау, кибербуллингті танып, одан қорғану, онлайн-қарым-қатынас орнатуда қауіптерді ажырату, жалған ақпарат үшін жауапкершілікте болу, күдікті заттарға қатысты дұрыс әрекет ету, табиғатта, суда және мұзда қауіпсіздік шараларын сақтау ережелерін меңгереді.

Колледждерде жасөспірімдер мен жастар арасында жиі кездесетін әлеуметтік және цифрлық тәуекелдер қарастырылады. Олар өз құқықтарын қорғауды, алаяқтықтан сақтануды, қауіпті онлайн табыстардан алшақ болуды, қоғамдық көліктегі қауіпсіздікті, төтенше жағдайлардың алдын алу және эмоцияны басқару дағдыларын меңгереді.

"Бүгінгі бала екі әлемде – шынайы өмір мен цифрлық кеңістікте қатар өсіп келеді. Сондықтан олардың өз қауіпсіздігін білуі өте маңызды. Сабақтардың 10 минуттық қысқа форматта өткізілуі бекер емес. Аз-аздан, бірақ жиі қайталанған ақпаратты бала тез сіңіреді. Біздің мақсат – әрбір баланың өзіне сенімділігін нығайтуға, кез келген жағдайда өзін қорғауына көмектесу", – деп атап өтті ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова.

Ұсынылған оқу-әдістемелік кешен 130 сабақты қамтиды. Негізгі тақырыптар жылына үш рет қайталанып, балалардың жеке қауіпсіздік дағдыларын жүйелі және тұрақты меңгеруін қамтамасыз етеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,425 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.