Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Елімізде 1010 елді мекенде су тасқыны болу қаупі б...

Елімізде 1010 елді мекенде су тасқыны болу қаупі бар

Әлеумет 01.04.2022, 09:08 1,387
Елімізде 1010 елді мекенде су тасқыны болу қаупі бар
Сурет: Egemen.kz

Өңірлерде су басқан аумақтарды қалпына келтіру бойынша шаралар қабылданып жатыр


Премьер-Министр Әлихан Смайылов ТЖМ басшысы Юрий Ильинмен және Ақтөбе облысының әкімі О. Оразалинмен, Павлодар облысының әкімі Ә. Сқақовпен, Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғ. Есқалиевпен және Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Қ. Ақсақаловпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 


Министр мен өңір басшылары елдегі су тасқыны жағдайы туралы баяндады.


ТЖМ басшысының хабарлауынша, бүгінде Қазақстанда 227 елді мекен қауіпті аймақта тұр. Су басуға үш нәрсе себеп болды. Бұл – қарды уақытылы шығармау, тазартылмаған арықтар мен еріген сулар. Қазіргі таңда су басу қаупі еліміздің солтүстік және батыс өңірлерінде сақталып отыр.


Елді мекендерді су тасқынынан қорғау мақсатында 2017 жылы 2021-2023 жылдарға арналған су тасқынына қарсы іс-шаралардың жол картасы әзірленіп, бекітілді.


Жол картасы аясында 2021 жылы жүзеге асыру жоспарланған 68 іс-шараның 33-і орындалды және 4-і мерзімінен бұрын орындалды.


Жалпы, еліміз бойынша су тасқыны қаупі бар 1 010 елді мекеннің 285-інде су басу қаупі сақталып отыр. Бұл орайда 340 елді мекенді су басу қаупі жойылып, 385 елді мекенде сейілді. Биылғы 31 наурыздағы жағдай бойынша, қар жамылғысының ауданы 47%-ды құрайды.


Биыл жылынудың бірінші толқыны барысында ШҚО, БҚО, Атырау облыстарында автомобиль жолдарының 3 учаскесін су басу жағдайлары тіркелді.


Қалың қардың еруіне байланысты болған екінші толқынның салдарынан Павлодар облысының Рождественка ауылындағы екі тұрғын үй, Батыс Қазақстан облысының Шалғын ауылындағы 25 үй мен 2 әлеуметтік нысан (Қоскөл кентінің халқы эвакуацияланды) еріген қар суының астында қалды, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарындағы 3 автомобиль жолы учаскелерін су шайып кетті. 


Өз кезегінде өңір әкімдері су басқан аумақтарды қалпына келтіру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады.


Премьер-Министр Жол картасын іске асыруды жеделдетуді, келіп түскен шағымдарға жедел әрекет етуді, су басу қауіптерін жоюды тапсырды. Сондай-ақ азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық шараларды жүзеге асыруға ерекше назар аудару қажет. Өңір басшылары бұл мәселені ерекше бақылауға алуы тиіс.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қауіпті аумақтар #су басу қаупі #өңірлер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

3,1 млрд теңге, Porsche мен Lexus: Маңғыстауда онлайн-казино ұйымдастырды деген күдікті ұсталды

Бүгін 12:36

Тоқаев Трамптың шақыртуымен АҚШ-қа барады

Бүгін 12:12

Петропавлда НЗМ оқушысы үшінші қабаттан құлап, ауыр халде ауруханаға түсті

Бүгін 12:08

Алматылық психолог ҰБТ алдында сабыр сақтаудың жолын айтты

Бүгін 11:48

2026 жылғы қаңтардағы ҰБТ-ның қорытындысы шықты

Бүгін 11:44
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.