Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Елімізде 1 618 адамға іздеу жарияланды

Елімізде 1 618 адамға іздеу жарияланды

Әлеумет 18.10.2023, 04:38 867
Елімізде 1 618 адамға іздеу жарияланды
Сурет: ашық дереккөз

Қазақстанда алимент төлемегені үшін 1 618 адам іздестіріліп жатыр. Оның ішінде ерлердің саны – 1 476,  ал әйелдер – 142, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 



Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің статистикалық деректеріне сәйкес іздеуде жүргендердің көбі 31 жастан 40 жасқа дейінгілер. Қала бойынша санына тоқталсақ, Астанада – 361, Алматы – 191, Ақтөбе – 143, Қостанай – 140, Жамбыл – 140, Павлодар – 108, Алматы – 102, Маңғыстау облысында 59 адамға іздеу салынған.


2023 жылдың 9 айында СДТБТ-да алимент төлеу жөніндегі міндеттерді қасақана орындамау фактілері бойынша 427 қылмыстық іс тіркелген (қылмыстық кодекстің 139-бабы). Айта кетсек, Қылмыстық кодекстің 139-бабы бойынша алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.


Аймақ бойынша мұндай қылмыстық құқық бұзушылықтадың ең көп бөлігі мына өңірлерде: Маңғыстау – 46, Алматы (о) – 45, Қостанай – 44,Шығыс Қазақстан – 43,


Павлодар – 40, Қарағанды – 35, Абай – 32, Ақмола – 26,Солтүстік Қазақстан-21, Астана (қ) – 17 облыстарында тіркелген.


Осы кезеңде Қылмыстық кодекстің 139-бабы бойынша 207 адам сотталды. 4 адам бас бостандығынан айырылды, 2 адам шартты түрде сотталды, 196 адамның бас бостандығы шектелді, 5-еуі қоғамдық жұмыстарға тартылды.


Жалпы алимент бойынша сот орындаушылардың өндірісінде алимент өндіріп алу туралы 309 670 атқарушылық іс орындауда болды. Бұл ретте балаларға ғана емес, ата-аналарын, жұбайын (зайыбын) күтіп-бағуға алимент өндіріп алынады.


291 886 атқарушылық іс - балаларды күтіп-бағуға арналған алимент бойынша;


773 атқарушылық іс - еңбекке қабілетсіз ата-аналарын күтіп-бағуға;


4 506 атқарушылық іс - еңбекке қабілетсіз жұбайын (зайыбын) күтіп-бағу өндірістері болды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алимент #төлеу #статистика
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қысқы Олимпиада: бүгін жарыс жолында ел намысын кімдер қорғайды?

Бүгін 10:07

Жарты ғасырдан кейінгі жүздесу: Оралда ағайындылар 54 жылдан соң қауышты

Бүгін 09:42

Қазақстандағы орташа зейнетақының жаңа мөлшері белгілі болды

Бүгін 09:33

Үш жеңіс: алматылық жас инженерлер Central Asia FIRST Championship 2026 чемпионатында жоғары нәтиже көрсетті

Бүгін 09:11

Таразда белгісіз ер адамдар 13 жастағы қызды ұрлап әкетпек болған

Бүгін 09:07
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.