ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Білім және ғылым / Еліміз бойынша мектептерде 250 мыңнан астам орын...

Еліміз бойынша мектептерде 250 мыңнан астам орын тапшылығы бар

Білім және ғылым 26.07.2022, 11:54 1,661
Еліміз бойынша мектептерде  250 мыңнан астам орын тапшылығы бар
Сурет: Inbusiness.kz
Мәселе шешімін таппаса, мектептердегі орын тапшылығы 1,2 млн-ға жетеді.

Мәселе шешімін таппаса, мектептердегі орын тапшылығы 1,2 млн-ға жетеді.


Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.



«Енді 2023 жылдан бастап салынатын мектептер мемлекеттік стандарттарға сай болуы қажет. Егер робототехника, физика, химия пәндік кабинеттері қажет болса, онда мектепті соған сай жабдықтау керек. Қазіргі уақытта мектеп салынып бітеді де, лицензия алуға келгенде барлық қажетті құрал-жабдықтың жетіспейтіні белгілі болатыны жасырын емес. Мәселен, спорт залын алатын болсақ, қазіргі уақытта 1 200 оқушыға арналған өте үлкен мектептер салынып жатыр. Екі ауысымды есептесек, 2 400 оқушы оқиды. Бірақ ол мектепте тек бір ғана спорт залы қарастырылған. Ал егер типтік оқу бағдарламасын қарайтын болсақ, аптасына әр сыныпта үш сағат дене шынықтыру сабағы бар. Сол үш сағатты барлық сыныпқа санайтын болсақ, онда бір спорт залы жетіспейді және бір уақытта бірнеше сынып бір спорт залында шынығады. Сондықтан бірнеше спорт залы керек. Неліктен қазір көптеген ата-ана балаларын мемлекеттік-жекешелік әріптестік бойынша салынған жаңа мектептерге беруге ұмтылады? Себебі олар толық жабдықталған және стандарттарға сай. Сондықтан бізге осындай мектептер қажет», - деді Асхат Аймағамбетов.



Министр «Қолайлы мектеп» жобасында құрылыс материалдарының сапасы және бастауыш пен жоғары сынып оқушыларын блоктарға бөлу мәселесі де қарастырылатынын айтты.



«Бұл жоба бойынша бізде қосымша 800 мыңнан астам орын беріледі және жоғарыда айтылған мәселелер шешімін табады. Бүгінгі таңда еліміз бойынша мектептерде 250 мыңнан астам орын тапшылығы бар. Егер біз осы мәселені қазір шешпесек, 2026 жылға қарай жалпы тапшылық 1 млн 200 мыңға дейін жетеді. Былтыр біз Президенттің тапсырмасы аясында 277 мектеп салдық. Биыл 225-тен аса мектеп салғалы отырмыз. Мектеп құрылысы мен қаржыландыруды әкімдіктер жүргізеді», - деді министр.



Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,258 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.