AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Елена Рыбакина Рим жарысының екінші айналымына өтт...

Елена Рыбакина Рим жарысының екінші айналымына өтті

Спорт 11.05.2022, 05:03 1,370
Елена Рыбакина Рим жарысының екінші айналымына өтті
Сурет: 24.kz

Доп берген сәтті мүлт жіберді. 


Қазақстанның бірінші, әлемнің 17-ракеткасы Елена Рыбакина Рим WTA 1000 турнирінің екінші айналымына өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Olympic.kz сілтеме жасап.

Қазақстандық теннисші алғашқы айналымда іріктеу сайыстары жеңімпаздарының бірі, дүниежүзілік рейтингте 146-орында тұрған 19 жастағы ресейлік Элина Аванесянмен шеберлік байқасты. Бірінші партияда есеп 4:4 болған мезетте Рыбакина төртінші брейкке қол жеткізіп, сосын өз геймін де алды – 6:4. Екінші сетте есеп 5:3 болған кезде доп берген Аванесян өз мүмкіндігін пайдалана алмады. Бұдан кейін қатарынан үш геймді алған Елена матчқа доп берген сәтті мүлт жіберді – 6:6. Дегенмен, тай-брейкте Елена қарсыласына бірде-бір ұпай берген жоқ – 7:6 (7:0). Бір сағат 50 минутқа созылған матч барысында қазақстандық спортшы 2 эйспен бірге 10 брейк-пойнттың алтауын пайдаланды. Қарсыласы 5 брейкпен (11 брейк-пойнт) ерекшеленді.

Рыбакина жүлде қоры 2,5 млн еуродан асатын жарыстың үшінші айналымына шығу үшін рейтингте 102-сатыдағы америкалық Лорен Дэвиспен таласады. Негізгі турнирге іріктеу сайыстарынан қосылған Дэвис алғашқы айналымда әлемнің 13-ракеткасы, 2017 жылғы Ролан Гаррос додасының жеңімпазы, латвиялық Елена Остапенконы 6:2, 6:3 есебімен жолдан тайдырды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#теннис #Қазақстан #Италия
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы түркі әлемін біріктіреді: Түркияның жастар делегациясы оңтүстік астанаға келді

Бүгін 18:34

Алматы мәслихатының депутаттары 2025 жылғы бюджеттің атқарылуын қарап, 2026–2028 жылдарға арналған бюджетті нақтылауды қолдады

Бүгін 18:30

Алматыда ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді

Бүгін 17:57

Қазақстандық ғалым әлемдік стоматологияға жаңа көзқарас ұсынуда

Бүгін 17:51

Қоғамның тұрақты дамуы отбасының беріктігіне байланысты

Бүгін 17:34
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);