ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Спорт / Елена Рыбакина Аустралиядағы турнирде әлемнің сегі...

Елена Рыбакина Аустралиядағы турнирде әлемнің сегізінші ракеткасымен кездеседі

Спорт 07.01.2023, 11:34 1,202
Елена Рыбакина Аустралиядағы турнирде әлемнің сегізінші ракеткасымен кездеседі
сурет: olympic.kz
9-14 қаңтарда Аделаида-2 WTA 500 турнирі өтеді.

9-14 қаңтарда Аделаида-2 WTA 500 турнирі өтеді.


9-14 қаңтарда өтетін Аделаида-2 (Аустралия) WTA 500 турнирінің жеребесі тартылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Қазақпаратқа сілтеме жасап.


Дүниежүзілік рейтингте 21-орында тұрған қазақстандық Елена Рыбакина алғашқы айналымда әлемнің 8-ракеткасы, ресейлік Дарья Касаткинамен шеберлік байқасады.


Өткен жылы Сан-Хосе (АҚШ) WTA 500 турнирінде Д.Касаткина Е.Рыбакинадан 1:6, 6:2, 6:0 есебімен басым түскен болатын.


Аделаидада өтетін екінші ірі жарыста франциялық Каролин Гарсия бірінші, тунистік Онс Жабер екінші ракетка болып тіркелген. Олардың екеуі де доданы екінші айналымнан бастайды. Әлемнің 1-ракеткасы, Польша өкілі Ига Свентек турнирге қатысудан бас тартты.


Бірінші айналымда сондай-ақ Гарбинье Мугуруса (Испания) — Белинда Бенчич (Швейцария), Паула Бадоса (Испания) — Анетт Контавейт (Эстония), Людмила Самсонова (Ресей) – Петра Квитова (Чехия), Вероника Кудерметова (Ресей) – Виктория Азаренко (Беларусь) өзара сынға түседі.


Осы аптада Аделаидадағы дәл сондай жарыста Е.Рыбакина екінші айналымда рейтингте 69-сатыдағы украиналық Марта Костюкке жол берген еді.


Бұл додалар Аустралия ашық чемпионаты алдындағы дайындық есебінде болмақ.


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,434 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,273 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.