AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Елена Рыбакина АҚШ чемпионын жолдан тайдырды

Елена Рыбакина АҚШ чемпионын жолдан тайдырды

Спорт 21.02.2023, 03:10 1,121 Almaty-akshamy
Елена Рыбакина АҚШ чемпионын жолдан тайдырды
Сурет: Ашық дереккөз

Қарсыластар бұған дейін бір рет кездескен


Қазақстанның бірінші, әлемнің 10-ракеткасы Елена Рыбакина Дубай WTA 1000 турнирінің екінші айналымына өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Жарыстың 9-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші алғашқы айналымда қазіргі кезде дүниежүзілік рейтингте 36-орында тұрған канадалық, 2019 жылғы АҚШ чемпионы Бьянка Андреескумен шеберлік сынасты.


Осыған дейін қарсыластар бір рет кездесіп, өткен жылы Е.Рыбакина Уимблдонда Б.Андреескуді 6:4 7:6 (7:5) есебімен ұтқан еді. Оған қоса биыл канадалық спортшы Әбу-Дабиде тағы бір қазақстандық Юлия Путинцеваға жол берген-ді.


Бұл жолы Елена матч басында брейкпен алға кетті – 3:0. Партия біткенше сол басымдылығын сақтады – 6:3.


Есесіне екіншісінде Б.Андрееску брейкпен алға шықты – 3:1. Дегенмен қазақстандық теннисші таразы басын теңестірді – 4:4. Тағы бір брейк – 5:4. Содан кейін матчқа доп бергенде, өз мүмкіндігін жіберген жоқ – 6:4.


Сағат жарымнан астам уақытқа созылған бәсеке барысында Е.Рыбакина 6 эйс жасап, 7 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды. Қарсыласы 2 эйс, 2 брейкпен (6 брейк-пойнт) көзге түсті.


Е.Рыбакина екінші айналымда әлемнің 26-ракеткасы, чехиялық Мария Боузковамен кездеседі. Ол бастапқы кездесуінде 2020 жылғы Аустралия чемпионы, америкалық София Кенинді оңай ұтты – 6:1, 6:1.


Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның жұптық сында Дубай турнирін сәтті бастағанын жазған болатынбыз.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#теннис #Рыбакина #дубай
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);