ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Спорт / Елена Рыбакина әлемнің ең табысты спортшыларының қ...

Елена Рыбакина әлемнің ең табысты спортшыларының қатарына кірді

Спорт 05.12.2025, 16:39 289
Елена Рыбакина әлемнің ең табысты спортшыларының қатарына кірді
Сурет: Olympic.kz
Қазақстанның бірінші, әлемнің бесінші ракеткасы Елена Рыбакина ең табысты спортшылардың қатарына енді, - деп хабарлайды Аqshamnews.kz тілшісі.

Қазақстанның бірінші, әлемнің бесінші ракеткасы Елена Рыбакина ең табысты спортшылардың қатарына енді, - деп хабарлайды Аqshamnews.kz тілшісі. 

Sportico журналының дерегіне сүйенсек, Рыбакина 2025 жылы 12,6 млн доллар табыс тауып, ең көп табыс тапқан 15 әйел спортшының ішінде тоғызыншы орынға тұрақтаған.

Рейтингтің көшін екі дүркін «Үлкен дулыға» чемпионы, әлемнің үшінші ракеткасы Корри Гауфф бастап тұр — оның жылдық кірісі 31 млн доллар, соның 23 миллионы демеушілік келісімдерден түскен.

Екінші орында әлемнің бірінші ракеткасы, беларусьтық Арина Сабаленка - 30 млн доллар табыспен. Ал үздік үштікті алты мәрте «Үлкен дулыға» жеңімпазы, әлемнің екінші ракеткасы Ига Свёнтек түйіндеді - оның жылдық табысы 23,1 млн доллар болған.

Айта кетейік, Елена Рыбакина жуырда Эр-Риядте өткен маусымның қорытынды турнирінде тамаша өнер көрсетіп, финалда Арина Сабаленканы айқын басымдықпен жеңді. Осы турнирдің нәтижесінде ол 5,235 млн доллар (шамамен 2,7 млрд теңге) сыйақы иеленді. Бұл - әйелдер теннисі тарихындағы бір турнир үшін берілген ең ірі жүлде.

Бұл жеңіс Рыбакинаның 2022 жылғы Уимблдондағы тарихи триумфынан кейінгі ең үлкен жетістігі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,426 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.