AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Елена Рыбакина Аделаида турнирінің ширек финалына...

Елена Рыбакина Аделаида турнирінің ширек финалына шыға алмады

Спорт 04.01.2023, 09:02 1,559
Елена Рыбакина Аделаида турнирінің ширек финалына шыға алмады
Сурет: Olympic.kz

Қазақстандық спортшы үш сет-пойнтты пайдалана алмады.


Қазақстанның бірінші, әлемнің 21-ракеткасы Елена Рыбакина Аделаида (Аустралия) WTA 500 турнирінің ширек финалына шыға алмады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Қазақстандық теннисші екінші айналымда дүниежүзілік рейтингте 69-орында тұрған 20 жастағы украиналық Марта Костюкпен шеберлік байқасты.


Қарсыластар осыған дейін бір рет кездесіп, 2017 жылы жасөспірімдер арасындағы Аустралия ашық чемпионатында М.Костюк Е.Рыбакинаны 6:1, 7:5 есебімен жеңген.


Бұл жолы бірінші партияда есеп 5:4 болған мезетте қазақстандық спортшы үш сет-пойнтты пайдалана алмады. Дегенмен тай-брейкте өз мүмкіндігін мүлт жіберген жоқ - 7:6 (7:5).


Екінші сетте есесіне М.Костюк брейкпен алға кетті – 2:0. Ол бұл партияны тағы бір брейкпен тәмамдады – 6:2.


Үшінші, шешуші партияны Е.Рыбакина брейкпен бастағанымен, бұдан кейін украиналық спортшы күш алып кетті – 4:1. Ақыры матчты жеңіспен аяқтай білді – 6:3.


Екі сағат 21 минутқа созылған тартысты бәсеке барысында Е.Рыбакина 7 эйс жасап, 10 брейк-пойнттың біреуін ғана пайдаланды. Қарсыласы 5 эйс, 4 брейкпен (9 брейк-пойнт) көзге түсті.


М.Костюк жартылай финалға шығу үшін әлемнің екінші, жарыстың 1-ракеткасы, тунистік Онс Жабер немесе рейтингте 45-сатыдағы румыниялық Сорана Кырстяның біреуімен таласады.


Өткен жылы Е.Рыбакина осы доданың финалына дейін жеткен еді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#теннис #Қазақстан #Рыбакина
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «Қазақстанның үздік тауары» таңдалады

Бүгін 16:23

Асанәлі Әшімов театрында «Мұғалім» драмасының премьерасы өтеді

Бүгін 15:55

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);