Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Электрсамокат жүргізушілерінің құқықтары мен мінде...

Электрсамокат жүргізушілерінің құқықтары мен міндеттері белгіленеді

Әлеумет 22.06.2023, 06:28 1,058
Электрсамокат жүргізушілерінің құқықтары мен міндеттері белгіленеді
Сурет: Adyrna.kz

Депутаттар олардың қозғалысын реттеуге қатысты түзетулерді мақұлдады.


Электр самокатына тротуар немесе жаяу жүргіншілер жолымен сағатына 6 км аспайтын жылдамдықпен жүруіне жол беріледі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Сенат депутаттары 22 маусымдағы жалпы отырыста "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол қозғалысын ұйымдастыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңды мақұлдады. Түзетулер электрсамокаттардың қозғалысын реттеуге де әсер етеді.


Мәжіліс депутаттары заңға шағын электр көліктері мен электрсамокаттарды реттеуді енгізу туралы бастама көтерген. Заң бойынша сенат депутаты Евгений Болгерт баяндама жасады.



Заңға сәйкес 1) «Шағын электр көлік құралы» ұғымы оның техникалық сипаттамаларын және пайдалану тәртібін құқықтық регламенттей отырып, жүргізушілер үшін тыйым салулардың тізбесін белгілеу енгізіледі; 2) «Электрондық самокат» ұғымы енгізіледі, ол ең жоғары конструктивтік жылдамдығы сағатына 25 километрден аспайтын көлік құралы деп танылады және олардың қозғалысы үшін орындар айқындалады, сонымен бірге олардың жүргізушілеріне тыйым салынады", - деді сенатор.



Атап айтқанда, Заңмен енгізілген шарттар мен тыйымдарды сақтай отырып, жолдың жүріс бөлігінің оң жақ шеті бойынша электр самокаттардың жүруіне жол беріледі. Атап айтқанда, бұл 18 жасқа толу, кез келген санаттағы көлік құралын басқару құқығына жүргізуші куәлігінің болуы, түймеленген дулығаның болуы, ал тәуліктің қараңғы уақытында қозғалу кезінде басқа көлік құралдарының жүргізушілеріне көрінуді қамтамасыз ететін жарық шағылыстыратын заттың болуы.


Электр самокатына тротуар немесе жаяу жүргіншілер жолымен сағатына 6 км аспайтын жылдамдықпен жүруіне жол беріледі: 3) шағын электр көлік құралдары мен электр самокаттары жүргізушілерінің құқықтары мен міндеттері белгіленеді;


Бұдан бөлек, басқа құзыретті органда тіркелген көлік құралдарының «Жол қозғалысы туралы» Заңда көзделген талаптарға сәйкестігін тексеру үшін ішкі істер органдары қызметкерлерінің көлік құралдарын тоқтатуының негіздерін белгілейтін түзетулер енгізілді.



Заң - жол қозғалысын ұйымдастыру мәселелері жөніндегі қолданыстағы заңнаманы одан әрі жетілдіру мақсатында Парламент Мәжілісі депутаттарының бастамашылығымен әзірленген. Заңның негізгі мақсаты - қолданыстағы құқықтық оқылықтарды жою және шағын электр көліктерін, сондай-ақ электр самокаттарын пайдалану мәселелерін заңнамалық реттеу болып табылады. Бұдан бөлек, Заңмен көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктерді, жүргізуші куәліктерін және мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін дайындауға мемлекеттік монополия енгізіледі.



Көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктерді, жүргізуші куәліктерін және мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін дайындау саласында мемлекеттік монополия енгізілмек. Бұл қызмет түрлерін жүзеге асыру құқығы ҚР ІІМ жанындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорынына беріледі.



"Мәжіліс қабылдаған Заң - жеке жүріп-тұру құралдарын пайдалану тәртібін құқықтық реттеу саласындағы алғашқы қадам. Сонымен қатар енгізілетін құқықтық новеллаларды тәжірибеде сынақтан өткізуді, электр самокаттар мен шағын электр көлік құралдарын пайдалану тәртібін реттеудің халықаралық тәжірибесін ескере отырып, болашақта өзінің заңнамалық шешімін талап ететін бірқатар мәселе бар", - деді Евгений Больгерт.



 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#самокат #депутат #заң
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жарты ғасырдан кейінгі жүздесу: Оралда ағайындылар 54 жылдан соң қауышты

Бүгін 09:42

Қазақстандағы орташа зейнетақының жаңа мөлшері белгілі болды

Бүгін 09:33

Үш жеңіс: алматылық жас инженерлер Central Asia FIRST Championship 2026 чемпионатында жоғары нәтиже көрсетті

Бүгін 09:11

Таразда белгісіз ер адамдар 13 жастағы қызды ұрлап әкетпек болған

Бүгін 09:07

Атырауда көлік салығы бойынша 321 млн теңге берешек жиналды

Бүгін 08:53
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.