AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Электрондық еңбек биржасында мүгедектігі бар адамд...

Электрондық еңбек биржасында мүгедектігі бар адамдарға жұмыс орындарын ұсынатын жұмыс берушілердің тізбесі жарияланды

Әлеумет 20.04.2026, 10:36 485
Электрондық еңбек биржасында мүгедектігі бар адамдарға жұмыс орындарын ұсынатын жұмыс берушілердің тізбесі жарияланды

Әлеуметтік кодекске сәйкес жұмыс берушілер белгіленген квота шеңберінде азаматтардың осы санатын жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етеді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыспен қамту мүмкіндіктерін кеңейту жөніндегі шаралар іске асуда.

2026 жылы квота 2,6 мың жұмыс берушіге белгіленген және 16,7 мың жұмыс орнын көздейді. Бұл мүгедек азаматтар үшін жұмыс табудың, тұрақты табыс табудың және өздерінің кәсіби әлеуетін іске асырудың нақты мүмкіндіктері.

Квоталауға қатысатын жұмыс берушілердің тізбесі аудандар мен қалалар бөлінісінде электрондық еңбек биржасында жарияланды. Онымен сілтеме арқылы таныса аласыз:

https://www.enbek.kz/lsi/list/?lang=ru

Бұл қолайлы жұмыс берушілерді табуды жеңілдетеді және жұмыс іздеушілерге өз аймағында жұмыс нұсқаларын тезірек табуға мүмкіндік береді.

Жұмыс орындарын квоталау – жаңа жұмыс орындарын құрумен қатар, әрбір азаматтың еңбек етуіне және қоғамда өз орнын табуына мүмкіндік беретін инклюзивті ортаны қалыптастыруға ықпал ететін маңызды тетік.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мүгедектігі бар адамдар үшін ақпараттың қолжетімділігін арттыруға, квотаның орындалуын мониторингілеу мен бағалау тетіктерін жетілдіруге, 50-ден астам қызметкері бар жұмыс берушілер үшін квоталардың автоматтандырылған есебін енгізуге баса назар аудара отырып, осы бағыттағы жұмысты жалғастыратын болады. Бұл ретте мансап орталықтары тарапынан жұмыс берушілерге квоталанатын жұмыс орындарына кандидаттарды іріктеуде практикалық қолдау көрсетілетін болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жұмыспен қамту
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);