AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Электронды темекіні қолданудың үкімі

Электронды темекіні қолданудың үкімі

Әлеумет 26.11.2023, 05:19 1,389 ҚМДБ Ғұламалар кеңесі
Электронды темекіні қолданудың үкімі
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Елімізде вейп пен электронды темекіге толық тыйым салынуы мүмкін екенін бұдан бұрын хабарлағанбыз.


Бүгінде Қазақстан вейп контрабандасы бойынша әлемде 5 орында тұр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz
Сондықтан бүгін ҚМДБ ұсынған үкімді жариялап отырмыз. 



Электронды темекі – ішінде химиялық қоспасы мен сұйықтығы, арнайы ауыстыратын картриджі бар, өкпеге тыныс алу жолдары арқылы никотин және улы заттарды жеткізетін темекінің жаңа түрі.



Темекі шегуге қатысты ғалымдар арасында бірнеше көзқарас бар. Бірқатар ғалымдар темекінің денсаулыққа зиян әрі ысырап екенін алға тартып, темекі шегуді харам деген. Алла Тағала Құранда:
وَلَا تُلْقُوا بِأَيْدِيكُمْ إِلَى التَّهْلُكَةِ
«Өздеріңді өз қолдарыңмен құрдымға кетірмеңдер...», – дейді.    
Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):
لَا ضَرَرَ وَلَا ضِرَارَ
«Өзіңе де, өзгеге де зиян келтіруге болмайды» , – деп ескерткен.


Имам Тахтауи ән-Нәжму әл-Ғазидің мына сөзін келтіреді: «Темекі Дамаск қаласында XV ғасырда пайда бола бастады. Ол мас қылмаса да адамның әлін кетіретіндігі үшін харам болады. Умму Саламадан жеткен риуаятта Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Әрбір мас етуші және әлді кетіруші нәрсеге тыйым салды» , – делінген.


Ханафи мәзһабының ғалымы шейх Мухаммад әл-Айни: «Төрт нәрсеге байланысты темекі тарту харам болады. Олар:
Денсаулыққа зияндығы;
Есірткінің бір түрі әрі адамның әлін кетіретін нәрсе болғандығы;
Жағымсыз иісінен темекі шекпейтін адамға зияны тиюі;
Ысырапшылдық.



Ханафи мәзһабының кейбір ғалымдары темекі тартуды мәкруһ тахрими деп санайды. Әл-Мәусуғату әл-фиқһия атты кітапта: «Темекі тарту кейбір адамның денсаулығына, ақылына зиян болатыны нақтыланса немесе темекіге жұмсаған қаражатқа өзі және отбасы қатты мұқтаж бола тұра сарп етсе, харам болады. Ал бұдан басқа жағдайда мәкруһ саналады», – делінген.  



Дегенмен дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) және ислам медицина ғылымдары ұйымы ғылыми тұрғыдан электронды темекінің, калянның және басқа да шылымның түрлері адам баласының денсаулығына  зиян екендігін нақты түрде айтқан. Сондықтан электронды темекіні қолдану харам деп саналады. Себебі электронды темекінің зияны әдеттегі темекіден асып түспесе кем емес.
Мысыр, Иордания елінің пәтуа комитеті элетронды темекіге тыйым салған.


ҮКІМ:
Электронды темекі адамның денсаулығына зиян болғандықтан және ысырапқа жататындықтан – харам. Оны қолдануға болмайды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#вейп #темекі #ҚМДБ #ДДСҰ #үкім #тыйым
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);