AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Электронды құжатыңызда қате кетсе, өзіңіз түзете а...

Электронды құжатыңызда қате кетсе, өзіңіз түзете аласыз

Әлеумет 22.11.2023, 07:08 1,233
Электронды құжатыңызда қате кетсе, өзіңіз түзете аласыз
Сурет: ашық дереккөз

Мәліметтерді түзетудің сегіз сервисі eGov.kz электронды үкімет порталында және eGov Mobile мобильді қосымшасында қолжетімді. Сервистер мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесіндегі қате деректерді өзектендіруге және болашақта мемлекеттік қызметтерді кедергісіз алуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 



Отбасы (неке, туу, некені бұзу, бала асырап алу, әке болуды анықтау, аты-жөнін өзгерту, қайтыс болу), вакцинация паспортындағы аймақ, көлік құралдарының қате мәліметтері туралы, міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүліктің кепілі және әскери қызмет туралы мәліметтерді өзектендіріп және дұрыс емес деректер анықталған жағдайда өз мәліметін түзетуге болады.


Заңды тұлғаның және жылжымайтын мүлік объектілерінің атауы мен орналасқан жері туралы мәліметтер де өзектендіруге жатады.


Сондай-ақ, білім туралы мәліметтерді түзетуге, атап айтқанда, ЖОО дипломдары мен ТжКБ, аттестат деректерін өзектендіруге мүмкіндік бар.




«Өздеріңіз білетіндей, азаматтың пәтері немесе автокөлігі туралы деректер мемлекеттік органдардың түрлі деректер базасында орналасқан. Оның ішінде бұл мәліметтер пайдаланушының eGov.kz және eGov Mobile жеке кабинетінде көрсетіледі. Кей жағдайда мәліметтер дұрыс болмауы мүмкін. Ал ол мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндігіне әсер етеді. Енді азаматтардың өмірін жеңілдету үшін біз мемлекеттік органдармен бірлесіп мәліметтерді түзетудің 8 сервисін жасадық. Мысалы, егер сізде отбасы немесе білім туралы құжаттарда дұрыс емес ақпарат болса, құжаттың түпнұсқасының фотосуретін немесе т. б. қажетті мәліметтерді қосып өтініш бере аласыз. Өтінім өңделеді және мәліметтерді тиісті мемлекеттік орган түзетеді», — дейді «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасы Ростислав Коняшкин. 



Телеграм арнаға жазылыңыз
#құжат #жөндеу #азамат
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);