Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Электр көліктерінің артықшылықтары мен кемшіліктер...

Электр көліктерінің артықшылықтары мен кемшіліктері

Әлеумет 26.09.2023, 06:33 2,585
Электр көліктерінің артықшылықтары мен кемшіліктері
Сурет: ашық дереккөз

Экологиялық ахуал күн өткен сайын кері кетіп барады. Оған көліктердің тигізіп отырған әсері өте көп. Сондықтан әлем елдері табиғатқа зияны тимейтін көлікке көшуді көздеп келеді. Нәтижесінде электр көліктер көпшіліктің назарына ұсынылды. Алғашында біздің елге әлі әзір келе қоймас деген күдікті ой болғаны рас. Бірақ, бүгінгі күні көшедегі жүз көліктің арасынан 20 электромобилді көшемізде кетіп бара жатқанын байқауға болады. Демек, әлемде бағасы қымбат "Теслаға" аса таңырқау танытпайтын да болдық. Жалпы осы көліктердің артықшылығы мен кемшілігіне тоқталсақ. 


Электромобильдердің артықшылықтары


Негізінен электр көліктерге назар аударған жөн. Өйткені артықшылықтар көп. Жалпы, кемшіліктер жоқ деуге болмайды. Бірақ, өндірушілер кемшіліктерді жоюға тырысып бағуда. Электрлік көліктердің ең негізгі артықшылығы экологияға зияны жоқ. 


Зарядтау құны


Оның басты артықшылығы болып табылады. Неліктен? Басты ескеретін мәселе, кәдімгі жану қозғалтқыштары бар көліктермен салыстырғанда электр көлігіне шығын көп кетпейді. Бірақ мұндай көліктерді қуаттау орталықтары елімізде тапшы. Сондықтан арнайы іздеп барып, уақытыңызды бір жоғалтсаңыз, қуаттауға екі-үш сағатыңызды сарп еткізесіз. Сонымен қатар, елімізде көліктің бұл түріне салық алынбайды. Бұл да қаржыңыздың белгілі бір мөлшерінің үнемделуіне алып келеді. 


Қауіпсіз және тыныш жұмыс  


Электромобильде жанармай багы жоқ, сондықтан ол апат кезінде әлдеқайда қауіпсіз және жарылыс тудырмайды. Ең бір ерекшелігі көлікті оталдырғанда немесе жүрген кезде дауыс болмайды. Қала ішінде артық шу туындатпайды. 


Электромобильдердің кемшіліктері


Еш кемшіліксіз көлік жасалып шыққан жоқ. Жасалған көлікті жылдар өте келе дамытып, кемшілігін жою үшін күш салынып келеді. Демек, электромобильдердің де кемшіліктері бар. Мәселен, батареяларды толық қуаттаған күннің өзінде жанармаймен жүретін көліктердікі сияқты қашықтықты басып өте алмайсыз. Токтың қуаты тез бітіп қалады. Сонан кейінгі басты мәселе үлкен қаланың ішінде ғана жүре аласыз. Келесі бір қалаға шығу үшін жолда қуаттау станцияларын таппай қаласыз. Бұл жағы елімізде Үкімет тарапынан ескерілуі тиіс. Енді маңыздысы, бағасында. Электрлі көліктерді екінің бірі сатып ала алмайды. Осы олқылықтың орнын толтыру үшін, Қытайдың алпауыт зауыттары кіріскен секілді. Нарыққа шыққан көліктері көркімен көпшіліктің назарын аударса, баға төмендігі де саудалану барысына әсер етіп отыр. 


 




Телеграм арнаға жазылыңыз
#электрлі көлік #Экология #артықшылық #кемшілік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Үш жеңіс: алматылық жас инженерлер Central Asia FIRST Championship 2026 чемпионатында жоғары нәтиже көрсетті

Бүгін 09:11

Таразда белгісіз ер адамдар 13 жастағы қызды ұрлап әкетпек болған

Бүгін 09:07

Атырауда көлік салығы бойынша 321 млн теңге берешек жиналды

Бүгін 08:53

Боран, көктайғақ: сәрсенбіде еліміздің басым бөлігінде ауа райы қандай?

Бүгін 08:39

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.