ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Өмір-өзен / Елдің басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерт...

Елдің басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Өмір-өзен 31.01.2025, 07:58 540
Елдің басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Сурет: Олжас Базаров
31 қаңтарда еліміздің басым бөлігінде бұрқасын, көктайғақ, тұман күтіледі.

31 қаңтарда еліміздің басым бөлігінде бұрқасын, көктайғақ, тұман күтіледі.

Алматыда тұман түсіп, жолдар көктайғақ болады, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Шымкентте түнде қар жауып, көктайғақ болып, тұман түседі.

Абай облысында қар жауып, түнде облыстың батысы мен солтүстігінде бұрқасын болады.

Атырау облысының батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі.

Ақтөбе облысының солтүстігі мен шығысында көктайғақ күтіледі. Облыстың батысы мен оңтүстігінде тұман түседі.

Ақмола облысының оңтүстігі мен шығысында түнде аздаған қар жауып, бұрқасын болады. Облыстың батысында, оңтүстігінде және шығысында тұман түседі.

Алматы облысында түнде кей жерлерде қар, күндіз жауын-шашын (көбінесе қар) күтіледі. Облыстың солтүстік, оңтүстік, таулы аймақтарында тұман түсіп, жолдар көктайғақ болады. Шығыста солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың таулы аймақтарында екпіні 15-20 м/с жетеді.

Шығыс Қазақстан облысында қар жауады, түнде облыстың солтүстігі мен шығысында қалың қар жауып, бұрқасын күтіледі.

Түнде Жамбыл облысының таулы аймақтарында қар, күндіз солтүстік, оңтүстік, таулы аймақтарда жауын-шашын (негізінен қар) күтіледі. Солтүстікте, оңтүстікте, облыстың таулы аймақтарында тұман түсіп, көктайғақ болып, қар жауады. Солтүстік-батыстан соғатын желдің күші облыстың таулы аудандарында - 15-20 м/с.

Жетісу облысында түнде қар, күндіз жауын-шашын (көбінесе қар) күтіледі. Облыстың таулы аймақтарында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады. Облыстың солтүстігінде оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні - 15-20 м/с.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында тұман, көктайғақ күтіледі.

Қарағанды облысында түнде қар жауып, бұрқасын күтіледі.

Қостанай облысының батысы мен оңтүстігінде тұман түседі.

Қызылорда облысының шығысында, оңтүстігінде және орталығында тұман, көктайғақ күтіледі.

Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында түнде және таңертең тұман түседі.

Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде және шығысында түнде қар жауып, бұрқасын болады, күндіз аздаған қар жауады. Облыстың оңтүстігі мен шығысында солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні - 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында тұман күтіледі. Түнде солтүстікте, батыста, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда, күндіз Түркістан облысының таулы аймақтарында қар жауып, көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында тұман түсіп, облыстың таулы асуларында бұрқасын болады. Солтүстік-батыстан соғатын жел екпіні - 15-20 м/с.

Ұлытау облысының шығысында түнде аздаған қар жауады, бұрқасын болады. Облыстың батысы мен оңтүстігінде көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде тұман түседі.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,425 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.