ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлем / Елден қашқан Ауғанстанның экс-президенті халықтан...

Елден қашқан Ауғанстанның экс-президенті халықтан кешірім сұрады

Әлем 11.09.2021, 07:43 1,323
Елден қашқан Ауғанстанның экс-президенті халықтан кешірім сұрады
Cурет: РИА Новости
Ашраф Ғани «Талибан» қозғалысының Ауғанстанды басып алғаны үшін кешірім сұрады.

Ашраф Ғани «Талибан» қозғалысының Ауғанстанды басып алғаны үшін кешірім сұрады.


Ауғанстанның бұрынғы президенті Ашраф Ғани 15 тамызда Кабулды тастап, «Талибан» қозғалысының елді жаулап алуға жол бергені үшін халықтан кешірім сұрады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Aikyn.kz-ке сілтеме жасап.



«Осының бәрін басқаша аяқтай алмағаным үшін ауған халқынан кешірім сұраймын. Ауған халқына қызметім шексіз, бар өмірімді соған арнаймын», - деді елден қашқан президент Tolo News телеарнасына берген сұқбатында.



Экс-президент белгісіз бір шетел азаматтары өміріне қастандық жасағанын бөлісті. Ғанидің айтуынша, олар президент сарайына кіріп, бөлмелерден президентті іздеген.



«Мен елден кетуге мәжбүр болдым, аяқ киім ауыстыруға мұрша болмады. Өмірімдегі басты байлығым: кітаптарымды, жазбаларымды, жеке ноутбугымды алып кете алмадым. Халықаралық күштермен елден шығу жолдарын талқылауға уақыт болмады. Елден бір ғана костюммен шықтым. Басқа жайттарын, Құдай қаласа, келесі жолы айтып берермін»,  - деді Ашраф Ғани.



Қазір ол Біріккен Араб Әмірліктерінде тұрып жатыр. Ауғанстанның бұрынғы басшысы ауған халқына тиесілі миллиондаған долларды өзімен бірге алып кетті деген мәліметті тағы да жоққа шығарды.



«Бұның бәрі жалған. Жемқорлық – дерт, президент болған уақытта бар күшімді сонымен күресуге арнадым», – дейді бұрынғы президент.



АҚШ президенті Джо Байден Ауғанстан билігі, берген уәдесіне қарамастан, келісім мен соғысқа дайын емес болып шықты деп мәлімдеген.



«Ғани мырза ауған әскері соғысады деп сендірген, бірақ, соған қарағанда, ол қателескен секілді», - деп мәлімдеді Байден 16 тамызда ұлтқа арнаған тележолдауында.


Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,429 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.