AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Елдегі туристік компаниялардың табысы күрт өсті

Елдегі туристік компаниялардың табысы күрт өсті

Әлеумет 04.01.2023, 14:00 1,300
Елдегі туристік компаниялардың табысы күрт өсті
Сурет: Ашық дереккөзі

Туристік компаниялар пандемиядан кейін өз жұмысын жылдам ретке келтіре алды.


Өткен жылдың үш тоқсанының қорытындысына сәйкес, отандық туристік операторлар мен агенттіктердің табысы 185,11 млрд теңгені құрады. Бұл пандемия шектеулері күшіне енбеген 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда шамамен 5 есе артық, деп жазады Almaty-akshamy.kz DataHub Telegram арнасына сілтеме жасап.



"Демалыс уақытына тұспа-тұс келетін үшінші тоқсан туризм үшін дәстүрлі түрде қолайлы маусым болып есептеледі. Бірақ та, биылғы маусымдағыдай 109,82 млрд теңге табыс бұдан бұрын тіркелмеген. Мысал ретінде айтар болсақ, 2021 жылы шілде-қыркүйек аралығында бұл көрсеткіш 17,99 млрд теңге, 2020 жылы 7,04 млрд теңге, 2019 жылы 16 млрд теңге, 2018 жылы 11,32 млрд теңге болған. Бұдан бөлек, 2022 жылдың екінші тоқсанындағы көрсеткіш те оған белгілі бір деңгейде ықпал етті (55,49 млрд теңге)", - делінген хабарламада.



Туристік компаниялар пандемиядан кейін өз жұмысын жылдам ретке келтіре алды. 2021 жылы бұрынғы табыстарына қол жеткізді. 


Сарапшылардың сөзінше, былтырғы туристік компаниялар табысының арту себебін нақты түсіндіру қиын.



"Туристік компаниялар мен операторлар табысының артуына бірқатар факторлар әсер етуі мүмкін. Оған ПТР-тестілер мен ковид паспорттарының күшін жою, туристік пакеттер құнын 30%-ға ұлғайту жатады. Десек те, қазақстандықтардың сатып алу қабілеті, сондай-ақ туристік ағындардың әлі де болса қалпына келмегенін ескеретін болсақ, осыншалық өсім болмауы керек еді", - деді сарапшылар.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#турист #компания #табыс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);