AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Сайлау-2023 / Елдегі президент сайлауына қызу дайындық жұмыстары...

Елдегі президент сайлауына қызу дайындық жұмыстары Ұлыбританияда да жүріп жатыр

Сайлау-2023 17.11.2022, 06:20 997
Елдегі президент сайлауына қызу дайындық жұмыстары Ұлыбританияда да жүріп жатыр
Сурет: Inform.kz

 Саяси науқанда әдеттегідей студенттер белсенділік танытпақ.


Астана мен Лондон арасындағы уақыт айырмашылығы - 6 сағат. Сондықтан бұл елдегі сайлау Қазақстанға қарағанда кешірек басталып, кешірек аяқталады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Қазір учаскеде соңғы дайындық жұмыстары жүргізіліп, дауыс берушілер тіркелуде. Бұған дейінгі сайлауларда жыл сайын 500-ге жуық қазақстандықтың таңдау жасағаны белгілі. Биыл да отандастарымыздың белсенділігі жоғары болады деген сенім бар.



«Біріккен Корольдік құрамына Англия, Уэльс, Шотландия және Солтүстік Ирландия мемлекеттері кіретіні мәлім. Осыған орай 20 қарашада өтетін дауыс беруге осы елде уақытша жүрген немесе тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы төлқұжаты бар барлық азаматтар келіп, қатыса алады», - дейді №244 сайлау учаскесі комиссиясының төрағасы Мираз Аңдабаев.



Дауыс берушілер қатарында туристер де көп болады деп күтілуде. Өйткені саяси науқан кезінде Тұманды Альбионда саяхаттап жүрген отандастарымыз азаматтық борыштарына жауапкершілікпен қарап, сайлау учаскесіне міндетті түрде ат басын бұрады. Студенттер қауымы да белсенділік танытады деген болжам бар. Тек «Болашақ» бағдарламасы бойынша Британияда білім алып жатқан жастардың саны жүзден асады.



«Мен Лестер университетінің бизнес және көшбасшылық бағыты бойынша оқып жатырмын. Қазіргі таңда біз Отанымызда болмасақ та, шетелде жүрсек те, азаматтық борышымызды өтеуге, осы жерге келіп, өз дауысымызды беруге дайынбыз», - дейді Лестер университетінің магистранты Қуаныш Есентай.



Таңертеңгі сағат 7-де ашылатын учаске кешкі сағат 8-ге дейін жұмыс істейді. Одан кейін сайлау комиссиясының мүшелері дауыстарды санау процесіне кіріседі. Учаске жабылғаннан кейін 1-2 сағаттың көлемінде Лондондағы дауыс беру нәтижелері белгілі болмақ. Саяси маңызы бар науқанның алдын ала нәтижелері ертеңінде жария етіледі.



Телеграм арнаға жазылыңыз
#сайлау #Лондон #дайындық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді

Бүгін 17:57

Қазақстандық ғалым әлемдік стоматологияға жаңа көзқарас ұсынуда

Бүгін 17:51

Қоғамның тұрақты дамуы отбасының беріктігіне байланысты

Бүгін 17:34

Алматыда ауа сапасын бақылау жүйесі кеңейтіледі

Бүгін 17:27

Алматыда қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару тарифі өзгертіліп, әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға жеңілдіктер енгізіледі

Бүгін 17:25
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);