ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Елдегі лифтілердің 40%-ы ескірген: заңгер Астанада...

Елдегі лифтілердің 40%-ы ескірген: заңгер Астанадағы қайғылы оқиғадан кейін дабыл қақты

Әлеумет 14.11.2025, 15:35 336
Елдегі лифтілердің 40%-ы ескірген: заңгер Астанадағы қайғылы оқиғадан кейін дабыл қақты
Сурет: rus.baq.kz
Астанадағы көпқабатты үйлердің бірінде жөндеу жұмыстары кезінде лифт құлап, салдарынан лифтке қызмет көрсететін компанияның бір қызметкері қаза тауып, тағы екі адам жараланды.

Астанадағы көпқабатты үйлердің бірінде жөндеу жұмыстары кезінде лифт құлап, салдарынан лифтке қызмет көрсететін компанияның бір қызметкері қаза тауып, тағы екі адам жараланды.

Оқиғаға байланысты заңгер Нұржігіт Сұлтанбек Jibek Joly телеарнасының «Бүгін LIVE» бағдарламасында пікір білдірді, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Заңгердің айтуынша, қайғылы оқиға бойынша жауапкершілік бірнеше тарапқа жүктелуі мүмкін.

"Бұл жерде үш тараптың да жауапкершілігі бар деп ойлаймын: лифтіні орнатқан компания, оған қызмет көрсететін мекеме және пәтер иелері кооперативі. Қазір адам өліміне байланысты тергеу жүріп жатыр. Қылмыстық кодекстің 156-бабы бойынша іс қозғалды. Тергеу нәтижесінде нақты кінәлі тұлғалар анықталып, тиісті процессуалдық шешім қабылданады", - деді ол.

Маман жарақаттың үш санаты болатынын - жеңіл, орташа және ауыр жарақат, сондай-ақ адам өліміне әкелген жағдайдың заңда жеке қарастырылатынын атап өтті. 156-бапқа сәйкес, кінәлі деп танылғандарға 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Сұлтанбектің айтуынша, лифт орнатылғаннан кейін оның қауіпсіз пайдалануына қызмет көрсетуші компания тікелей жауапты.

«Қызмет көрсетуші мекеме ақауларды дер кезінде анықтап, жоспарлы жөндеу жұмыстарын тұрақты жүргізуге міндетті. Сонымен қатар кез келген жұмыс беруші Еңбек кодексі бойынша қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуі тиіс», – деді заңгер.

Ол Қазақстанда лифт компанияларын сертификаттайтын арнайы орган бар екенін, дәл сол комитет лицензия беріп, жыл сайын техникалық регламентке сай тексеріс жүргізетінін де атап өтті.

"Тексерістерді Өнеркәсіп және құрылыс министрлігімен қатар, жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй инспекциялары жүйелі түрде жүргізуі қажет", – деді сарапшы.

Заңгердің айтуынша, елдегі лифтілердің 40 пайызынан астамы тозған, олардың пайдалану мерзімі кей жағдайда 25–30 жылға созылған. Ал мемлекеттік стандарт бойынша лифтінің қызмет ету мерзімі - 20 жыл. Астанада 2028 жылға дейінгі реновация бағдарламасы аясында ескі үйлердегі лифтілер мен қасбеттерді жаңарту жоспарланған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,259 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.