Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Елдегі «бай адамдар» қалай анықталмақ?

Елдегі «бай адамдар» қалай анықталмақ?

Әлеумет 12.06.2023, 12:20 865
Елдегі «бай адамдар» қалай анықталмақ?

Елімізде «бай адам» санатын анықтайтын табыс сомасы белгіленуі мүмкін.


Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин Сенатта өткен дөңгелек үстелден кейін БАҚ өкілдеріне осындай мәлімет берді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме  жасап. 


Вице-министр «Бай адам» дегенді кім деп түсінесіз?», - деген сұраққа қазір жауап беру ерте екенін айтады.


«Сізге нақты цифр керек шығар. Ондай цифрды атау әзірге ерте. Неге екенін түсіндірейін. Бұл жалпыға бірдей декларация аясында жүретіндіктен, алынған мәліметтерді жинау керек болады. Кімнің қандай табысы бар екенін талдап, жіктеу қажет. Бұл шамамен 2027 жылы мүмкін болады. Қазір 2023 жыл. 5 жылдан кейін «бай адам» деп кімді айтуға болатынын зерттеп, есептеуге болатын шығар. Нақты бір цифрды анықтайтын шығармыз», - деді ол.


Сондай-ақ, аталмыш санаттағы адамдарға салық қалай салынатынын айтты.


«Табыс салығының прогрессивті шкаласы қандай шекті сомадан бастап алынатынын есептейміз. 10 пайыз деген базалық мөлшерлеме болатыны түсінікті. Одан жоғары 15-20 пайыз болу керек деген нұсқалар бар. 10-20-30 пайыздық шкала қою мүмкіндігін талқылап жатырмыз. Бірақ оның бәрі қанша сомадан алынады? Миллион теңге ме, 1,5-2 млн теңге ме? Ол соманы заңдағы өзгерістердің мәтінін жазған кезде атайтын шығармыз. Өйткені қазір алдағы 5 жылға болжам айту біршама қиын. Жалпы бұл сұрақпен қайткенде де бетпе-бет келетініміз түсінікті. Салық кдоексінің мәтіні дайын болған кезде ол цифрды айтамыз», - деді Азамат Әмрин.


Ұлттық экономика және Қаржы министрліктері Салық кодексінің жаңа редакциясын Парламент қарауына келер жылдың көктеміне дейін ұсынуды жоспарлап отыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Бай адамдар #анықтау #санат
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Үлкен Алматы көліне апаратын жүргінші соқпағы 2026 жылы салынады

Бүгін 16:42

Алматыда жаңа перзентхана мен амбулатория құрылысына 3,6 млрд теңге бөлінеді

Бүгін 16:37

Алматыда тоғыз білім беру нысанының құрылысы аяқталып қалды

Бүгін 16:33

2026 жылы Алматының нақтыланған бюджеті 2,8 трлн теңге болды

Бүгін 16:28

Алматыда "Almaty Business – 2030" кәсіпкерлікті дамытудың жаңа бағдарламасы ұсынылды

Бүгін 16:26
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.