AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Елде төлқұжатсыз күнелтіп жүргендер саны жетерлік

Елде төлқұжатсыз күнелтіп жүргендер саны жетерлік

Әлеумет 11.01.2023, 10:13 1,037
Елде төлқұжатсыз күнелтіп жүргендер саны жетерлік
Сурет: Maqat-tynysy.kz

2020 жылдан бері ел бойынша қиындыққа тап болған 17 мың азаматқа жаңа құжат берілген.


Мамандардың айтуынша, бұл істе заңгерлер мен оңалтау орталықтарының көмегі орасан зор. Себебі адамдар көбіне құжатын не жоғалтып алады, не ұрлатып алатын көрінеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап. 


Анастасия Богданова 24 жыл бойы төлқұжатсыз өмір сүріп келеді. Осыдан 18 жыл бұрын анасымен бірге Ресейден көшіп келген. Анасы құжаттарын жоғалтып алған. Енді құжатсыз жүрудің әбден қиындығын көрген басынан өткен жағдайымен бөлісті, 



«Туу туралы куәлігім болды. Оны анам мен өгей әкем ішімдікке салынғанда жоғалтты. Мектеп бітіргеннен кейін оқуға түсу арманым еді. Төлқұжат болмаған соң, мені қабылдамады. Жұмысқа тұрайын десем, онда да жеке басты растайтын кәлікті сұрайды. Нәпақамды тауып, үш бауырымды асырау үшін қара жұмысшы болдым. Келісімшартсыз жұмыс істедім. Одан балам дүниеге келді. Оның да құжаты жоқ. Жақында өлім мен өмір арасында болдым. Дәрігерді шақыртып, ем алайын десек, құжатсыз қабылдамайтынын айтады», - дейді Анастасия Богданова. 



Анастасия Богданованың айтуынша, төлқұжатсыз өмір – өмір емес. Ол жуырда аспаз болып, айына 50 мың теңге табамын деп қала шетіндегі ауылға барады. Алайда мал бағып, қара жұмыс істеген. Құрғақ уәдеге сенген жанға еңбекақы да төленбеген. Барар жер, басар тауы болмаған соң, амалсыз бес ай заңсыз еңбекке көнген.


Оңалту орталығына шарасыз күйге түскен азаматтар көмек сұрап барады. Мамандардың айтуынша, 100 адамның 10%-ы құжат мәселесімен жүгінеді.



«Бізге тек Қазақстанның азаматы емес, басқа шет мемлекеттің азаматтар да келеді ғой. Олардың құжаттарына жүгіну үшін, елшіліктерге бірге барамыз. Настяның жағдайы кішкене қиын болып жатыр. Ақырын-ақырын шешіп жатырмыз», - дейді «Қорғау Астана» қорының әлеуметтік қызметкері Гүлжан Кисикова.



Соңғы кездері оңалту орталығына отызға жақындап қалған жастар да жиі баратын болыпты. Көбінің төлқұжаты жоқ. Араларында еңбек құлдығының құрбандары да кездеседі екен.



«Осыдан бірер жыл бұрын тек қызыл төлқұжатпен жүрген адамдар келетін. Қазір жастар да бар. Мұндай қиын жағдайға түсетіндер – балалар үйінен шыққан жандар. Күнде жантүршігерлік оқиғаларды естиміз. Мәселен, кеше ғана 2 жыл бұрын үңгірде өмір сүріп жатқан азаматтарға жәрдем бердік. Міне, қазір олардың құжаттарын жасауға кірістік», - дейді «Қорғау Астана» қорының төрағасы Анна Рыль. 


«Әуелі құқық қорғау органына, яғни көші-қон қызметіне бару қажет. Егер шетел азаматы болса, елшілікке барып, ресми сұраныс жіберу керек. Әдетте анасының төлқұжаты болмаса, балаға да құжат берілмейді. Егер анасы қайтыс болса, онда құжатты жасату қиын. Оңалту орталығынан немесе заңгерден көмек сұраған жөн. Бұл - ұзақ процесс», - дейді заңгер Махаббат Қасенова.





Телеграм арнаға жазылыңыз
#Төлқұжатсыз жүргендер #қиындық #оңалту орталықтары
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда 2029 жылға дейінгі «Digital Qazaqstan» Жалпыұлттық стратегиясы қабылданды

Бүгін 19:12

Алматылықтар 36 литрден астам қан тапсырды

Бүгін 18:39

Алматы түркі әлемін біріктіреді: Түркияның жастар делегациясы оңтүстік астанаға келді

Бүгін 18:34

Алматы мәслихатының депутаттары 2025 жылғы бюджеттің атқарылуын қарап, 2026–2028 жылдарға арналған бюджетті нақтылауды қолдады

Бүгін 18:30

Алматыда ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді

Бүгін 17:57
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);