AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Елде мал ұрлығы азайған

Елде мал ұрлығы азайған

Заң мен тəртіп 24.05.2024, 11:12 887
Елде мал ұрлығы азайған
Сурет: Polisia.kz

Мал ұрлығын анықтау және оның жолын кесу мақсатында Ішкі істер министрлігі жедел-профилактикалық іс-шараларын жүйелі түрде жүргізеді. 

Жыл басынан бері полиция мал ұрлығын кәсіп еткен 200-ден астам адамды, оның ішінде 26 қылмыстық топты құрықтады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Биыл осы қылмыс үшін 65-тен астам адам сотталды, олардың жартысы темір торға тоғытылып, 5 жылдан көп мерзім арқалады. Қылмыстың бұл түрімен күрес жолға қойылған. Өңірлерде түлік иелеріне түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, мал базарлары мен ет өнімдерін сататын орындар, мал сою цехтары үнемі тексеріледі.

Алматы, Түркістан және Батыс Қазақстан облыстарында мал ұрлығын кәсіп еткен қылмыстық топтар анықталды. Қаскүнемдер ұрланған малды жүк көлігіне тиеп, әкетіп отырған. Негізгі күдіктілерден бөлек тасымалдаушылар және сатып алушылар құрықталды. Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша мал ұрлығы үшін жауапкершілік күшейтілді. Қылмыстық кодекске “Мал ұрлығы” деген жеке бап енгізілді. Нәтижесінде Қазақстанда соңғы 5 жылда мал ұрлығының саны 32%-ға төмендеді. 

Мал ұрлығының алдын алу үшін ІІМ қауіпсіздік шараларын ұстануға шақырады: – малды қараусыз қалдырмаңыз; – асыл тұқымды малды бақылаудың заманауи әдістерін қолданыңыз; – малды міндетті түрде таңбалаңыз.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Мал ұрлығы #жедел-профилактика #қылмыстық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);