AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Елде «мәйіттік донордың» тапшылығы сезілуде

Елде «мәйіттік донордың» тапшылығы сезілуде

Медицина 14.04.2023, 17:01 1,542
Елде «мәйіттік донордың» тапшылығы сезілуде
Сурет: Egemen.kz

Бір мәйіттік донор кемі 4 немесе тіпті 7 адамның өмірін арашалай алады - мамандар.


Бұл мәселенің салдарынан донорлық органды қажет ететін 3800-дей азаматтың 300-ге жуығы өткен жылы сау ағзаға қолы жетпестен қайтыс болған. Сорақысы сол, донор тапшылығының азабын тартып отырғандардың 100-ге жуығы 18 жасқа дейнгі бала, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


24.kz ақпараты бойынша, Қазақстанда ағза ауыстыруды қажет ететіндердің арасында бірінші орында бүйрегі сыр бергендер тұр. Екінші кезекте жүрек, одан соң бауыр мен ұйқы безін алмастырғысы келетіндер тұр. Мамандар "бір мәйіттік донор кемі 4 немесе тіпті 7 адамның өмірін алып қалар еді" дейді. "Бірақ біздегі таным-түсінік салдарынан көбісі одан ат-тонын ала қашады. Осыдан кейін аурумен бетпе-бет келгендерге тек жақындары қол ұшын созып, ағзасын бөліп бермесе, келмеске кеткендердің сау ағзасын пайдаланып қалуға ешкім асықпайды",- деп налиды мамандар. Елде Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығымен 40 донорлық аурухана бекітілген. Соңғы 10 жылда трансплантациялау бюросына тек 175 адам ғана келісім беріп, өтініш қалдырыпты.



«Халық арасында ағарту жұмыстарын жүргізіп, дәрігерлерді оқытып жатырмыз. Мәйіттік донор енді өте төмен деңгейде. Жасалған барлық трансплантацияның 15 пайызы ғана мәйәттік донордан жасалған. Бізде бір ғана қиындық - ол донорлық орган дефициті. Адамдар келісім бермейді. Сондықтан күту парағындағы азаймайды, керісінше, көбейіп жатыр», - дейді ҚР ДСМ "Транспланттауды үйлестіру және жоғары технологиялық медициналық қызмет жөніндегі республикалық орталық" директоры Сәуле Шайсұлтанова.





Телеграм арнаға жазылыңыз
#донор #мәселе #күту парағы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41

Тоқаев Бельгиялықтар Королі мен Патшайымын шығарып салды

Бүгін 12:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);