AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Елде ешқандай астық тапшылығы жоқ

Елде ешқандай астық тапшылығы жоқ

Әлеумет 11.04.2022, 07:10 1,560
Елде ешқандай астық тапшылығы жоқ
Сурет: Kapital.kz

Бұл - ҚР Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Айдарбек Сапаровтың сөзі.


1 сәуірдегі мәлімет бойынша, республикада 6,4 млн тонна астық болған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Айдарбек Сапаровтың сөзіне сілтеме жасап.



 «Өздеріңізге белгілі, БАҚ беттерінде бірқатар диірменнің шикізат дефицитіне байланысты жұмысы тоқтағаны жазылып жатыр. Мұнда бірден айтқым келетіні – елде ешқандай астық тапшылығы жоқ. Республикада жеткілікті мөлшерде астық бар. Баршаңызды дүрбелең тудырмауға және жеке мүддені халықтың жалақысымен жасырмауға шақырамын», - деді А. Сапаров Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.



Алдын ала статистика дерегіне сәйкес, 1 сәуірдегі жағдай бойынша, республикада 6,4 млн тонна астық болған.



«Бұл көлем ішкі тұтынуды қамтамасыз етуге және бір бөлігін экспортқа, оның ішінде ұн түрінде жіберуге де жеткілікті. Айта кетейік, жыл сайын біз шамамен 3 млн тонна ұн өндіреміз, бірақ бұл көлемнің жартысы экспортқа жіберіледі. Осылайша, өндірілетін ұнның барлығы ішкі нарыққа кетпейтінін түсіну керек. Ал кейбір диірмендер тек экспортқа жұмыс істейді», - деді Айдарбек Сапаров.



Бұған дейін Астық өңдеушілер одағы елімізде бір жарым аптаға ғана жетерлік бидай қоры қалғанын мәлімдеген еді. Астық өсірушілер мен өңдеушілер бидайды бөлісе алмай дау туғаны, бидай таусылса, барлық диірмендер жұмысын тоқтатуға мәжбүр екені айтылған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#астық #ұн #сапаров
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);