AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Елбасы жұмыс сапарымен Жамбыл облысында болды

Елбасы жұмыс сапарымен Жамбыл облысында болды

Әлеумет 14.09.2021, 12:01 1,408
Елбасы жұмыс сапарымен Жамбыл облысында болды
Сурет: Inform.kz

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Жамбыл облысындағы әлеуметтік-мәдени нысандарға барды.


Қазақстанның Тұңғыш Президенті алдымен Жамбыл облысының әкімі Б.Сапарбаевпен кездесті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.


Кездесуде Елбасыға әскери қоймадағы жарылыстан зардап шеккен Байзақ ауданы тұрғындарына көмек көрсету шаралары және қалпына келтіру жұмыстары туралы мәлімет берілді. Жамбыл облысының әкімі Елбасыға өңірдің әлеуметтік-экологиялық дамуы, Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасының жүзеге асырылу барысы жайлы, сондай-ақ аграрлық сектордағы мәселелерді шешуге және халықты жұмыспен қамтуға бағытталған шаралар туралы баяндады.


Қазақстанның Тұңғыш Президенті өңір басшылығының жұмысына оң баға берді. Кездесуден кейін Елбасы «Әлжан ана» тарихи музейінің қызметімен танысып, мекеме аумағына ағаш отырғызу рәсіміне қатысты.


Қазақстанның Тұңғыш Президенті сондай-ақ ауылдағы Мәдениет үйіне барды. Бұл Мәдениет үйінде кітапхана және түрлі үйірмелер жұмыс істейді, 250 орындық концерт залы бар. Н.Назарбаев Жамбыл облыстық филармониясының артистері мен аудандық Мәдениет үйінің шәкірттері орындаған музыкалық шығармаларды тыңдады.


Елбасы сондай-ақ спорттық-сауықтыру кешенінің жұмыс барысымен танысты. Аталған кешенде ауқымды арена, әмбебап зал және күрес пен боксқа арналған зал бар. Бүгінде спорттық-сауықтыру кешенінде төрт жүзден астам бала мен жеткіншек спорттың еркін күрес, таэквондо, каратэ, волейбол, футбол, бокс сынды алты түрі бойынша жаттығады.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Елбасы #мәдени нысандар #жамбыл облысы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);