AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / АЭС: Референдум / Ел үшін маңызды стратегиялық шешім

Ел үшін маңызды стратегиялық шешім

АЭС: Референдум 02.10.2024, 10:18 1,387
Ел үшін маңызды стратегиялық шешім
Сурет ЖИ көмегімен салынды

Қарағанды облыстық мәслихатының депутаты және «Байтақ» партиясының Қарағанды облыстық филиалының төрағасы Сейфул-Мәлік Қазитов Қазақстанда АЭС салу жобасын қолдайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

«Атом энергетикасы – елдің экономикалық дамуы мен экологиялық тұрақтылығына септігін тигізетін маңызды фактор. АЭС таза энергия көзі ретінде энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етіп қана қоймай, экономиканың түрлі секторларына жағымды әсерін тигізеді», – деді Қазитов.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Жолдауында АЭС салу қажеттілігін атап өтіп, бұл мәселені жалпыұлттық референдум арқылы шешуді ұсынған болатын. Қазитов Президенттің бұл бастамасын қолдайтынын және атом энергетикасын дамыту ел үшін маңызды стратегиялық шешім екенін атап өтті.

«АЭС салу – елдің тұрақты дамуына және экологиялық таза энергияны өндіруге мүмкіндік беретін жобалардың бірі. Бұл жоба ұзақ мерзімді перспективада Қазақстанның экономикасы мен халықтың әл-ауқатына жағымды әсер етеді», – деді ол.

Сондай-ақ, депутат қазіргі уақытта атом энергетикасы саласында жаңа буын реакторлары сияқты инновациялық технологиялар белсенді түрде дамып келе жатқанын және бұл бағытта Қазақстанның да айтарлықтай әлеуеті бар екенін айтты.

«Еліміз уран қоры бойынша алдыңғы қатарлы мемлекеттердің бірі ретінде, атом энергетикасының дамуына үлкен үлес қоса алады. Сондықтан бұл жобаны қолдау – біздің келешек ұрпақтың тұрақты дамуын қамтамасыз етудің маңызды қадамы», – деді Сейфул-Мәлік Қазитов.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#АЭС #референдум #Шешім
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);